Артқа
Турдалиев Әділбек Олжабайұлы

Турдалиев Әділбек Олжабайұлы

Тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Өмірбаян

1963 жылы Гурьев облысында туған. Жоғары білімді. Гурьев пединститутында немесе Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 1985-1990 жылдары, Тарих-филология факультетінде, «Тарих және құқық пәні мұғалімі» мамандығын оқып бітіріп, 2000-2003 жылы Атырау Инженерлік-гуманитарлық институты «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 1996-1998 жж. Сырттай оқу факультеті деканының орынбасары, 2004-2005 жж. қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының орынбасары, 2006-2010 жж. «Ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар бөлімі» меңгерушісі, «Атырау университеті Жаршысы» республикалық журналының жауапты хатшысы, 2011-2012 жж. Заң факультеті деканы, 2013-2017 жж. Құқықтану кафедрасы меңгерушісі. 2017-2022 жж. "Азаматтық құқықтық пәндер" кафедрасының профессоры қызметін, 2022-2024 жылдары Атырау инженерлі-гуманитарлық институты ректоры. 2024 жылдың қыркүйегіне Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Ғылыми қызығулар: Қазақстан тарихы, өлке тарихы, химия өндірісі тарихы, қоныс аудару саясаты тарихы. Қосымша білімдер: Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті (РФ Элиста қ-сы) арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімшартқа сәйкес, 26.02.2018 ж - 7.03.2018 ж. аталмыш университеттің Экономика және құқық факультетінде «Азаматтық құқық» кафедрасында тағылымдамадан өткен. Халықаралық конференцияларға, семинарларға қатысу: ЖОО арасында келісімшарттар жасау мақсатымен Түркия Республикасы Измир қаласында орналасқан Dokuz Eylul университетінде іс-сапарда болып келісімшарт жасаған.. 2006 жылы Қалмақ мемлекеттік университеті (РФ Элиста қ-сы) мен Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті келісімшартқа сәйкес жасақталған, Қалмақ Республикасында жүргізілген Археологиялық экспедицияға басшылық жасаған. Сонымен бірге, Ресейде – Астрахань мемлекеттік университеті, Астрахань мемлекеттік техникалық университеті, Қалмақ мемлекеттік университеті т.б. ЖОО-ында, ҚР қалаларында түрлі мақсатта іс-сапарларда болған. Көптеген білімін жетілдіру курстарынан өткен: «Бизнес стратегия университета как вклад экономики региона и страны» 21.07-8.08.2016. «Институт гуманистического менеджмента»г.Астана. «Разработка дистанционных технологий обучения для гуманитарных специальностей» Курсы повышения квалификации 15 .02.-15.03.16. Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза. «Заманауи педагогикалық технологиялар» ЖОО педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасы. 13.04-29.04.2017ж.Алматы қ-сы. АҚ«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ. Алматы қ-сы. Подготовка специалистов по требованиям международного стандарта ISO 37001:2016 «Системы менеджмента противодействия коррупции» с присвоением кфалификации «Менеджер системы менеджмента противодействия коррупции». Атырау.8-19.01.2018 және т.б. Ғылыми жұмыстар тізімі: Жалпы 150-нан астам мақалалары (оның ішінде, 25-і шетел басылымдарында) жарық көрген. - Қазақ-қалмақ қатынастары: арпалыс, ортақ тағдыр, тарих тәлкегі (XVІІ ғ.- XX ғ. 50-60жж). Монография. Атырау. 2013. - Атырау өңірі химия және мұнай химиясының даму тарихы: өткені, бүгіні және келешегі. Оқу құралы. Атырау қаласы.2007. - История Казахстана в источниках зарубежных архивов (по материалам Государственного архива Астраханской области РФ). Құжаттар жинағы. Оқу құралы. Атырау қаласы.2007. - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті-жарты ғасырдан аса уақыт бойы аймақтың білімі мен ғылымына қызмет көрсету. Атырау мемлекеттік университеті энциклопедиясы. Алматы, 2010. - Сыбайлас жемқорлықпен күрес стратегиясы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл пәні бойынша әдістемелік оқу құралы. Ә.О. Турдалиев, Ж.Ж. Жағыпар. – Атырау, 2016. - Практикум по истории государство и право зарубежных стран. Вып I. Древний Восток и Римское государство. Учебно-методическое пособие для студентов специальности «Юриспруденция». ТурдалиевА.У. Кольцов П.М., Ердешов Ж.И. Алматы. 2016. - «Встать!!! Суд идёт». Учебно-методическое видео пособие. Военная прокуратура Западного региона. По заказу Республиканской военной прокуратуры. г.Астана.2016г. - Независимый Казахстан. Учебно-методическое пособие. Алматы. Изд. «Эверо». 2017. - ҚР мемлекет және құқық тарихы. Электрондық оқулық. Атырау. 2018. - Қазақстанда Кеңес өкіметінің қонысаудару саясаты. Атырау. 2020. Монография.