Артқа
Тулеуова Райгуль Урынбасаровна

Тулеуова Райгуль Урынбасаровна

техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а

Өмірбаян

Тулеуова Райгуль Урынбасаровна - 11.02.1979 ж., техника ғылымдарының кандидаты, “Математика және математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасының профессоры. E-mail: tuleuova_79@mail.ru Білімі және ғылыми тәжірибесі: 1996-2000 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Математика» мамандығы бойынша білім алып, «Математика мұғалімі» біліктілігін алды. 2008 ж. Алматы қ. Математика Институтының ‘’Физика-математика зерттеулері орталығында” 05.13.18 – “Математикалық моделдеу, сандық әдістер, бағдарламалар кешені” мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды (хаттама № 3, 19 наурыз 2009 г.). 2025 ж. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті бұйрығыменен 10100 – Математика ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді (№1201, 16 шілде 2025ж.). Жұмыс қызметтері: 2000 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Математика және математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасында қызмет етіп келеді. Ғылыми қызығушылықтары: математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені, физикалық процестерді математикалық модельдеу, кездейсоқ процестер теориясы, кездейсоқ процестерді ықтималдық модельдеу, статистикалық әдістердің қолданылулары. Халықаралық конференциялар, симпозиумдар және семинарларға қатысу: • Международная научно-практическая конференция «Актуальные проблемы социально-экономического развития Прикаспийского региона в условиях инновационной экономики» (Атырау, 2009); • Международная научная конференция «Теоретические и прикладные проблемы математики, механики и информатики» (Караганда, 2010); • Международная научно-практическая конференция «Достижения и перспективы исследования небесных тел и земли: фундаментальные, прикладные и научно-методические аспекты» (Петропавл, 2014); • «Математика, механика мен информатиканың теориялық және қолданбалы мәселелері» халықаралық ғылыми конференция (Қарағанды, 2014) • VIII международная научно-практическая конференция «Фундаментальные и прикладные исследования в современном мире» (Санкт- Петербург, 2014); • Международная научно-практическая конференция «Современные проблемы физико-математических наук и междисциплинарные исследования» (Атырау, 2021); • «Физика – математикалық білім берудің даму тенденциялары: теориялық зерттеулер және практикалық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми - практикалық конференциясы (Атырау, 2022); • «Физика – математика ғылымдарының қазіргі білім беру кеңістігіндегі рөлі» (Атырау, 2024).