Артқа
Кинжибаева Фариза Багитовна

Кинжибаева Фариза Багитовна

Кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор м.а., PhD (философия докторы)

Өмірбаян

Кинжибаева Фариза Багитовна - PhD доктор, қауымдастырылған профессор. 1974 жылы 23-қыркүйекте Гурьев (қазіргі Атырау) қаласы дүниеге келген. С.Мұқанов атындағы №10, кейін №17 С.Киров атындағы орта мектептерін бітірді. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығын 1992-96 ж.ж. оқып, «Мектепке дейінгі педагогика және психология оқытушысы, бала-бақшаның әдіскері» біліктілігін алды. 2008ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы лауазымын атқарды. 2012-2014 ж.ж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің магистрі дәрежесін алды. 2015-2018 ж.ж. «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы-магистр, 2018-2022 ж. Абай атындағы ҚазҰПУ, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының PhD докторанты, 2023ж. бастап қазіргі уақытқа дейін аталған кафедраның меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, PhD. Ф.Б.Кинжибаеваның 1 монографиясы, 4 электронды жұмыс дәптері, 7 оқу-әдістемелік құралдары, ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды даярлық тобы (сыныбы) (5 жастан бастап) балаларына арналған №1,2,3 жұмыс дәптерлері, үлестірмелі материалдар, педагогтерге арналған «Математика негіздері» әдістемелік нұсқаулығы (қазақ, орыс тілінде), 50-тан астам ғылыми еңбектері жарық көрген. 2022 жылдан бастап Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанындағы Республикалық Оқу-әдістемелік бірлестігінің 012– Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы бағытының мүшесі. Сонымен қатар, университетішілік 2 жобаның жетекшісі. 0124РКИ0189 «Педагогикалық бағыттардың білім беру бағдарламалары бойынша контингентті қалыптастыру шеңберінде университет кафедраларының ерте кәсіптік бағдарлау қызметінің тетігін жетілдіру». 0126РКИ0085 «STEM, экология және цифрлық технологияларды интеграциялау негізінде балалардың ерте дамуына арналған инновациялық білім беру экожүйесі»