Артқа
Сариев Амангелди Дулатович
физ.-мат. ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Өмірбаян
Cариев Амангелді Дулатұлы -10.01.1951 ж., физика--математика ғылымдарының кандидаты, профессор. Эл.пошта
Білімі және ғылыми тәжірибесі:
Білімі жоғары, 1983 жылы аль-Фараби (сол кездегі С.М.Киров) атындағы Қазақтың мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша бітірген (диплом ИВ №330321, 30.06.1983ж.) Қазақстан Республикасының (ол кездегі КазССР) Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен 1983 жылы Гурьев педагогикалық институтына жұмысқа орналасқан. Мамандығы- математик, оқытушы. Сариев Аманкелді Дулатұлы (10.01.1951 ж.т. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау ауданы, Ащысай поселкесі). Ол 1969 жылы қазақ орта мектебін алтын медальмен бітіріп, осы жылы Қазақ Мемлекеттік университетіне түсіп, 1974 жылы механика-математика факультетінің «математика» мамандығын бітірді.
ҚазССР-нің Арнаулы Орта және Жоғары Білім министрлігінің жолдамасымен Гурьев педагогикалық институтында қызмет жасады (1974-1986 жж.). Алматы қаласындағы сәулет-құрылыс институтының жоғары математика кафедрасына оқытушы, доцент болып жұмыс атқарды (1986-2001 жж.).
1991 жылы 18 сәуірде «О корректности «в целом» некоторых обратных задач переноса» атты кандидаттық диссертациясын ф-м.ғ.д., академик У.М.Сұлтанғазиннің жетекшілігімен сәтті қорғады.
1993 жылдан доцент, 2001 жылдан бастап профессор, Атырау мұнай және газ институтының біліктігін артыру орталығында директор (2001-2004 жж.), «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі (2004-2006 жж.), түлектерді жұмысқа орналастыру бөлімінің менгерушісі (2006-2011 жж.), математика және информатика кафедрасының меңгерушісі (2011-2014 жж.) қызметерін атқарды.
2014 ж. қыркүйек айынан бастап Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің математика және математиканы оқыту әдістері кафедрасының профессоры.
Барлығы 135 ғылыми және әдістемелік мақалалары бар және оның ішнде 3 оқулық. Ол 2006 ж. «О корректности в целом некоторых обратных задач переноса излуении» атты ғылыми монографиясы Алматы қаласының «Ғылым» баспасынан жарыққа шығарды.
Бюджеттік формадағы мемлекеттік тапсырыс бойынша, қолданбалы ғылыми зерттеу жұмысында «Микробиологические основы стабилизации и улучшения качества рыбных продуктов» (ҚР Білім және ғылым министрлігінің), ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Дүниежүзілік банкпен бірлескен «Внедрение и распространение знании новых технологии стабилизации рыб и рыбного филе на микробиологической основе» және «Разработка и внедрение в производство приготовление качественных рыбных колбас по новой технологии» – атты шағын гранттық жобалар бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге өз үлесін қосып келеді.
Ғылыми жұмыс саласында физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін қорғалған үш оқытушының кандидаттық диссертациясына ресми оппонент болып бекітіліп, олардың сәтті қорғауына атсалысты.