Артқа
Мырзашева Айгуль Нармаганбеткызы
техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.
Өмірбаян
Мырзашева Айгуль Нармаганбетовна - 28.08.1956 ж., техника ғылымдарының кандидаты, математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры. E-mail: aigul_mn@mail.ru
Білімі және ғылыми тәжірибесі:
1973-1977 ж. - Гурьев педагогика институты (қазіргі Атырау университеті) физика-математика факультетінің «математика» мамандығын үздік дипломмен бітірген (диплом үздік белгімен О №069464).
2008 ж. – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Ғылыми Кеңесі шешімімен (31 қазан 2008 ж. №2 хаттама) академиялық доцент атағы берілді.
2009 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Математика институтында 05.13.18-«Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені» мамандығы бойынша «Жылудан ұлғаю коэффициентінің температураға тәуелділігі есепке алынғандағы қызуға төзімді құймадан жасалған стерженьнің жылу серпімділік жағдайын модельдеу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2010 жылғы 26 наурыздағы шешімімен (№3 хаттама) техника ғылымдарының кандидаты (ғылым кандидаты дипломы FK №0004240) ғылыми дәрежесі берілді.
Кандидаттық диссертация тақырыбына сәйкес бір топ ғалымдар құрамында ҚР БҒМ-нің «Термо-напряженное состояние деформируемого твердого тела при наличии теплоизоляции, внутренних точечных источников тепла, температуры, теплового потока, теплообмена и наружных поверхностных сил» және «Теоретические основы исследования термонапряженного состояния отдельных элементов ядерных энергетических установок и технологического оборудования» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша гранттық негізде ғылыми жұмыстарға қатынасқан (2008-2010).
AP №08956312 «Ауыл мектептерінің 5-6 сыныптарында оқушылардың математикалық құзіреттіліктерін қалыптастыру және дамыту үшін этноматематикалық есептердің контентін құрылымдау және модельдеу» атты гранттық қаржыландыру жобасының авторларының бірі (2020-2021);
Білім алушылардың республикалық ғылыми жұмыстары жеңімпаздарының (2 оқушы, 4 студент – 6 ғылыми жұмыс) ғылыми жетекшісі.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен (2025 жылғы 11 шілдедегі №1179 бұйрық) 10100 – Математика ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (аттестат №0001501) ғылыми атағы берілді.
ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институты тағайындаған 8 авторлық куәлік (ЭВМ бағдарлама кешені, мамандықтың ББ, 2 монография, 4 оқу-әдістемелік құралдардың авторы) иегері;
Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде математиканың арнайы курсын жүргізді (2017, 2018). Университет ғылыми-техникалық Кеңесінің (2019-2021), Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы республикалық оқу-әдістемелік кеңесі «математика және статистика» секциясының мүшесі (2022-2024). «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы - 2020» мемлекеттік грантының иегері (2021). Батыс аймақтық, Атырау облыстық, қалалық білім беру мекемелерінде ұйымдастырылған оқушылар мен математика пәні мұғалімдерінің ғылыми жоба, олимпиада, «математикалық регата» сайыстары мен педагогикалық оқуларының қазылар алқасы мүшесі, төрайымы ретінде қатынасып келеді.