Артқа
Қаражигитова Тамара Анатольевна
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Өмірбаян
Қаражігітова Тамара Анатольевна, 04.10.1952
Педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор (доцент), математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры. Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі.
Email: tamarakaraz@mail.ru
Білімі және ғылыми дәрежесі
1973 жылы Гурьев педагогикалық институтының (қазіргі Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) физика-математика факультетін тәмамдады.
Мамандығы – Математика, біліктілігі – математика пәнінің мұғалімі.
• 29.06.2011 ж. – Х. Досмұхамедов атындағы АМУ математикалық талдау кафедрасының профессоры академиялық атағы берілді;
• 28.12.2010 ж. – 13.00.01 «Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.
Диссертация тақырыбы: «Орта мектептегі дамыта оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздері: құзыреттілік тәсіл»;
• 21.11.2006 ж. – ҚР ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағы берілді;
• 13.12.2004 ж. – Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академик), академия негізін қалаушылардың бірі;
• 20.06.2003 ж. – 13.00.02 «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика: бастауыш, орта және жоғары білім жүйесінде)» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
Диссертация тақырыбы: «Негізгі мектепте геометрияны дамыта оқытудың әдістемелік ерекшеліктері».
Кәсіби қызметі
Жалпы педагогикалық еңбек өтілі 50 жылдан астам.
1973–2002 жж. – қала мектептерінде математика пәнінің мұғалімі және оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді: №14 А.П. Чехов атындағы мектеп, №3 мектеп, №16 мектеп, СТГА, Н. Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы. (Техникалық гимназия мен Кіші өнер академиясының негізін қалаушылардың бірі).
2002–2006 жж. – Атырау облыстық мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты директорының орынбасары.
2002–2006 жж. – Гурьев (Атырау) педагогикалық институтында қоса атқарушы ретінде математикалық талдау кафедрасында аға оқытушы, кейін доцент міндетін атқарушы.
2006 жылдан бастап – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің штаттық қызметкері.
2012 ж. – университеттің ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің бастығы.
2012 жылдан бастап – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры.
2013 жылдан бастап Ж. Қаражігітов атындағы мектеп-лицей базасында
Т.А. Қаражігітова жетекшілік ететін академиялық мектеп жұмыс істейді.
Ғылыми-зерттеу жобалары:
• «Математикалық білім беруде тұлғалық-дамытушы оқытуды жүзеге асыру»
• «Дамыта оқыту теориясы мен практикасы».
Осы зерттеулердің нәтижелері бойынша монографиялар мен әдістемелік құралдар жарық көрді.
Ғылыми зерттеу бағыттары
Орта және жоғары білім берудегі заманауи білім беру технологиялары.
Магистрлік зерттеулер жүргізу барысында педагогикалық эксперимент ұйымдастыру және деректерді қазіргі IT-технологиялар көмегімен өңдеу.
2023 жылдан бастап білім беру саласында жасанды интеллектті қолдану бойынша 9 халықаралық курс (720 сағат) өтті.