Артқа
Шаждекеева Нұргүл Қыдырбаевна

Шаждекеева Нұргүл Қыдырбаевна

физ.-мат.ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Өмірбаян

Шаждекеева Нургуль Кыдырбаевна – 1960 жылғы 17 желтоқсанда туған, физика-математика ғылымдарының кандидаты, “Математика және математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасының профессоры. E-mail: n.shazhdekeeva@mail.ru Білімі және ғылыми тәжірибесі 1979–1984 жылдары Гурьев педагогикалық институтында (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) «Математика және физика» мамандығы бойынша білім алып, «математика және физика пәндерінің мұғалімі» біліктілігін иеленді. 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тиімді қабаттардағы сүзілу сыйымдылық көрсеткіштерін қалпына келтіру әдістерін одан әрі жетілдіру» тақырыбында кандидаттық диссертациясын 05.13.18 – «Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені» мамандығы бойынша сәтті қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 4 мамырдағы №0007115 шешімімен физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. AP №08956312 «Ауыл мектептерінің 5–6 сыныптарында оқушылардың математикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту үшін этноматематикалық есептердің контентін құрылымдау және модельдеу» атты гранттық қаржыландыру жобасының орындаушысы (2020–2021 жж.). AP №0122РКИ0235 «Билингвалды білім беру бағдарламалары – ЖОО студенттерінің кәсіби-коммуникативтік құзыреттілігін арттыру құралы» ғылыми жобасына жетекшісі. IRN BR28713197 «Каспий өңірінің тұрақты инновациялар орталығы: өңірдің экологиялық тұрақты дамуына бағытталған баламалы шешімдерді ғылыми-академиялық ілгерілету» жобасы аясында (жетекші – х.ғ.д., профессор Г.К. Шамбилова) полипропилен негізіндегі инновациялық композициялық материалдарды әзірлеу бағыты бойынша орындаушысы ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 2023 жылғы 18 қарашада Қазақстан педагогикалық академиясының академигі болып сайланды. Эразмус+ бағдарламасы аясында 2015 жылы Воронеж мемлекеттік университетінде (Ресей), 2018 жылы Пуатье университетінде (Франция) ғылыми тағылымдамалардан өтті. 2024 жылғы 4 қазандағы №892 бұйрыққа сәйкес ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің шешімімен 10100 – «Математика» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді. Еңбек қызметі 1984–1995 жылдары Атырау қаласындағы №22 және №4 орта мектептерде математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. 1995–2011 жылдары «Математикалық анализ» кафедрасында аға оқытушы болды. 2011–2023 жылдары “Математика және математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2015–2016 оқу жылында физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы болды. 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Математика және математиканы оқыту әдістемесі” кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді. 2024–2025 оқу жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Оқу-әдістемелік бірлестіктің «Математика және статистика» секциясының мүшесі. 2021 жылдан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі жанындағы мектеп оқулықтары мен оқу басылымдарын сараптау бойынша сарапшылар базасына енгізілген (2021 ж., 2025 ж.). Марапаттары «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған (хаттама №925, 13.09.2010 ж.). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Үздік оқытушы – 2016» атағының иегері. 2018 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған. 2021 жылы мектеп математика оқулықтарын сараптау комиссиясындағы қызметі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған. ҚР білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Құрмет грамотасымен марапатталған (2021 ж.). «А. Байтұрсынов» төсбелгісімен марапатталған (2020 ж.). «Х. Досмұхамедов» төсбелгісімен марапатталған (2025 ж.). Ғылыми қызығушылықтары Математикалық модельдеу, дифференциалдық теңдеулер, математикалық физика теңдеулері, пәнаралық зерттеулер, математика және педагогика саласындағы ғылыми мәселелер. Халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы Халықаралық «The Europe and the Turkic World: Science, Engineering and Technology» конференциясы (2019 ж.). «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы (Атырау, 2020, 2023, 2024, 2025 жж.). II International Scientific and Practical Conference «Modern Science: Fundamental and Applied Aspects» (Рим, Италия, 2023 ж.). VII Тюрк әлемі математиктерінің конгресі (Түркістан, 2023 ж.). «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі физика-математика ғылымдарының рөлі» халықаралық конференциясы (Атырау, 2021, 2024 жж.). «Актуальные проблемы современного образования: теоретические и методические аспекты» халықаралық конференциясы (Астрахань, Ресей, 2024 ж.). Ғылыми еңбектері Шаждекеева Н.К. – отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланған көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Оның зерттеулері мұнай-газ саласындағы математикалық модельдеу, жылу алмасу процестері, фильтрация теориясы, ықтималдық модельдеу, білім беру технологиялары және жасанды интеллект әдістерін қолдану бағыттарын қамтиды. Ғылыми мақалалары Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының хабаршылары, Қарағанды, Еуразия ұлттық университеттері журналдары, сондай-ақ Scopus және халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарияланған.