Артқа
Тайшиева Айгүл Ғалымжанқызы
Кафедра меңгерушісі
Өмірбаян
Тайшиева Айгуль Галимжановна - 1988 жылы туған. PhD, «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. E-mail: aigulustaz@gmail.com
Білімі және ғылыми тәжірибесі:
• 2005-2009 жж. - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 050601-Математика мамандығы бойынша білім алып, «Математика бакалавры» біліктілігін алды.
• 2009-2011 жж. - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «6N0601 - Математика» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдап, жаратылыс ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.
• 2018-2022 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «8D06105 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада білім алды. 2024 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте «Бүтін және бөлшек ретті туындылары бар кейбір сызықтық емес физикалық моделдер туралы» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғап, «8D06105 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» БББ бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
• 2024-2026 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің посдокторанты. ҚР ҒжЖБМ 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру аясында AP22685531 «Өзара келісімді потенциалы бар интегралданатын модельдерді зерттеу» жобасының жетекшісі.
Жұмыс қызметтері: 2012 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында қызмет етіп келеді.
Ғылыми қызығушылықтары: Бөлшек ретті сызықты емес дифференциалдық теңдеулер, интегралданатын жүйелер және солитондық шешімдер, бөлшек ретті туындылы дифференциалдық геометрия
Халықаралық конференциялар, симпозиумдар және семинарларға қатысу:
10th International Conference on Mathematical Modeling in Physical Siences (Греция), 2021;
Уфимская осенняя математическая школа (Ресей, Уфа қ.), 2019;
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының 10 жылдығына арналған «Математика және компьютерлік ғылымдардың заманауи мәселелері» атты халықаралық конференция (Астана қ.), 2024;
Студенттер мен жас ғалымдардың «Ғылым және Білім – 2024» атты XVIII халықаралық конференциясы (Астана қ.), 2024.