Артқа
Дашева Гульзада Амангалиқызы
аға оқытушы
Өмірбаян
Дашева Гульзада Амангалиқызы — аға оқытушы, математика, информатика және ақпараттық технологиялар саласының маманы. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде дәрістер мен семинарлар жүргізеді, оқу-әдістемелік материалдар әзірлейді және университеттің ғылыми-қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысады.
Гульзада Амангалиқызы Атырау педагогикалық институтын «Математика және информатика» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген. Сонымен қатар, Қазақ менеджмент және маркетинг институтында «Экономист-менеджер» мамандығын және City Business School (Ресей) оқу орнында MBA дәрежесін алған.
Өзінің еңбек жолында білім беру, банк секторы, халықаралық жобалар (USAID, Дүниежүзілік банк), кәсіпкерлік және IT-индустрия салаларында жұмыс істеді. IT-желілер, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету, жобаларды үйлестіру, кәсіпкерлік және оқыту бағыттарында үлкен тәжірибесі бар.
Математика пәні бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындаған, университет оқытушылары мен қала ұйымдарының қызметкерлерін бұлтты технологиялар мен IT-желілер бойынша оқытқан. IELTS 5.0 сертификатына ие.
• Білімі, ғылыми дәрежесі
– 1987–1993 — Атырау педагогикалық институты, Математика және информатика мамандығы (үздік диплом).
– 2000–2002 — Қазақ менеджмент және маркетинг институты, Экономика және менеджмент, экономист-менеджер.
– 2022–2023 — City Business School (Ресей), MBA бағдарламасы.
– 2026 – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Педагогика бағыты бойынша екі дипломды магистратура бағдарламасында білім алуда.
– Қосымша курстар: IELTS 5.0 (2025), 1С, Қаржылық талдау (БҰҰДБ), Product Management (Астра университеті), ағылшын тілі курстары.
Академиялық дәрежесі: Магистр (MBA)
• Еңбек жолы
– 2023–қазірге дейін — Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, аға оқытушы.
– 2018–2023 — ЖК «Әлішер», кәсіпкер, жобаларды басқару, маркетинг, қаржы, келіссөздер, жылжымайтын мүлік жобалары.
– 2008–2009 — Теңізшевройл, бағдарламалық лицензия менеджері, IT департаменті.
– 2001–2002 — ABT Associates Inc., USAID Health Project, Атырау бойынша жобалық үйлестіруші.
– 2001 — Дүниежүзілік банк жобасы, IT-консультант (Атырау қаласының сумен жабдықтау жобасы).
– 1994–2000 — Халық Банкі, инженер-программист, деректер базасы және желілерді қолдау.
– 1993–1994 — Халел Досмұхамбетов атындағы лицей, математика пәні мұғалімі.
• Ғылыми қызығушылықтары
– Компьютерлік желілер және бұлтты технологиялар
– Ақпараттық қауіпсіздік
– Python негізінде Data Analysis және Data Science
– AR/VR білім беру технологиялары
– Мультимедиалық технологиялар, цифрлық контент әзірлеу
– Педагогикалық цифрландыру және EdTech шешімдері
– Оқыту әдістемесі, болашақ информатика мұғалімдерін дайындау
– Оқу-әдістемелік кешендер, оқу бағдарламалары, цифрлық білім беру ресурстары
• Халықаралық конференциялар, семинарлар
Халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысу:
– «Цифрлық технологиялар және білім мен ғылымдағы қолданбалы міндеттерді шешу» атты халықаралық конференция (Атырау университеті, 2023–2025).
– USAID Health Project — жоба үйлестіруші ретінде семинарлар мен тренингтерге қатысу (Атырау, 2001–2002).
– Дүниежүзілік банк жобасы аясында IT-жүйелер бойынша келіссөздер және презентациялар (Атырау, 2001).
– Университет оқытушыларына, банктер мен клиникалардың қызметкерлеріне арналған облачные технологии, IT-желілер, цифрлық қауіпсіздік бойынша семинарлар (Атырау, 2020–2024).
– Tengizchevroil мамандарымен бірлескен гостевые лекции, мастер-классы, Agile/Scrum, Cybersecurity, SQL/PBI бойынша семинарлар – ұйымдастырушы және спикер (Атырау, 2025–2026).