Артқа
Мухамбетова Мейрамгүл Жароллаевна

Мухамбетова Мейрамгүл Жароллаевна

PhD, қауымдастырылған профессор м.а.;

Өмірбаян

Мухамбетова Мейрамгуль Жароллаевна - 08.11.1985 ж.. Ph.D., “Информатика” кафедрасының қауымдастырылған профессоры. E-mail: mukhambetovamzh@gmail.com Білімі және ғылыми тәжірибесі: 2002-2007 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 010540-Информатика мамандығы бойынша білім алып, “Информатик” біліктілігін алды. 2012-2014 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, -6М011100-Информатика мамандығы бойынша магистратураны тәмамдап, педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді. 2017-2020 жж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 6D011100-Информатика мамандығы бойынша докторантурда білім алды. 2020 ж. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D015 – Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша мамандар даярлау жөніндегі диссертациялық кеңесінде «Клиент-сервер технологиясын жоғары оқу орнының білім мазмұнында жүзеге асырудың дидактикалық шарттары» тақырыбында диссертациялық жұмысын қорғап, 6D011100-Информатика мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды. 2024-2026 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің посдокторанты. ҚР ҒжЖБМ 2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» гранттық қаржыландыру аясында AP22685192 «Бұлттық есептеулер және IoT технологиясының интеграциясы негізінде мұғалімдердің даярлықтарын жетілдіруге арналған цифрлық портал әзірлеу» жобасының жетекшісі. Жұмыс қызметтері: 2007 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Информатика” кафедрасында қызмет етіп келеді. Ғылыми қызығушылықтары: деректер қоры және ақпараттық жүйелер, клиент-сервер технологиялары, бұлттық есептеулер, IoT лары, білім берудегі АКТ. Халықаралық конференциялар, симпозиумдар және семинарларға қатысу:  «Интеллектуалды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы үшінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыру құралы ретінде» V Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (Астана, 2018).  SCHOLA 2018, 14th International Conference on Engineering Pedagogy конференциясында I дәрежелі диплом (Баден, Австрия 2018).  VII Халықаралық Фараби оқулары аясында студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы (Алматы, 2020).  AI, Big Data and Blockchain VI бірлескен халықаралық конференциясы (Стамбул, 2025).  «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты халық.ғыл.-практ.конф. (Атырау, 2025).