Артқа
Батырханов Ардақ Ғабитұлы

Батырханов Ардақ Ғабитұлы

доктор PhD,

Өмірбаян

Білімі және ғылыми дәрежесі: 1995 ж. Атырау облыстық ұлттық гимназиясы. 1995-1999 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, физика-математика факультеті, математика және информатика пәнінің мұғалімі. 2013 ж. Педагогика ғылымдарының магистрі. 23.06.2023 ж. «6D070300 – Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша «Философия докторы (PhD)» дәрежесі. Жұмыс қызметтері: 1999-2001 жж. Атырау қаласы, Ш.Уалиханов атындағы №9 орта мектеп, информатика және математика пәнінің мұғалімі. 2001 ж. бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, оқытушы, аға оқытушы, тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары. 2016-2019 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «6D070300–Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша докторант. 2018-2020 жж. №АР 05133546 ғылыми жобада инженер-бағдарламашы. 2024 жылдан бастап «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 2026 жылдан бастап кафедра меңгерушісі. Ғылыми қызығушылықтары: Терминологиялық деректер қорын қалыптастыру және онтологиялық модельдеу. Компьютерлік лингвистика және табиғи тілдерді өңдеу саласындағы ғылыми-техникалық мәтіндерден терминологиялық ақпаратты автоматты түрде алу және формалды модельдеу.