Артқа
Ележанова Шынар Қапаровна

Ележанова Шынар Қапаровна

физ.-мат. ғылымдарының кандидаты,

Өмірбаян

Білімі және ғылыми дәрежесі: 1993 ж. Атырау педагогикалық институты, физика-математика факультеті, математика және информатика пәнінің мұғалімі. 2006 ж. Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, физика-математика ғылымдарының кандидаты (05.13.18 – математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені). 2011 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бакалавр. 2025 ж. 20 наурызда «Компьютерлік ғылымдар және информатика» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор. 2025 ж. 27 қарашада ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі. Жұмыс қызметтері: 1993-1994 – Жамбыл атындағы орта мектеп, информатика пәнінің мұғалімі. 1994-1995 – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, оқытушы. 1995-2000 – ЭЕМ зертханасының меңгерушісі. 2000-2009 – оқытушы, аға оқытушы, доцент. 2011-2012 – Экономика факультетінің деканы. 2012-2019 – «Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. 2019-2021 – ФМжАТ факультеті деканының ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары. 2020 – қазіргі уақытқа дейін – «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының профессор м.а. 2024 жылдан бастап – Ұлттық инженерлік академиясы Атырау филиалының ғалым хатшысы. Ғылыми қызығушылықтары: Компьютерлік ғылымдар және информатика, Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені, Ақпараттық жүйелер мен технологиялар, Білім беруді басқару. Халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға және семинарларға қатысу: 2009 ж. Қалмақ мемлекеттік университеті, Элиста – «Білім берудегі ақпараттық технологиялар» тақырыбындағы қысқа мерзімді тағылымдама. 2022 ж. 1 мамыр – 1 қараша, Линкольн университеті, Ұлыбритания – «Болашақ» бағдарламасы бойынша «500 Ғалым» ұзақ мерзімді тағылымдама. 2023 ж. 3-16 желтоқсан, Қырғыз-Түрік Манас университеті, Бішкек – ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасы.