Артқа
Махатова Валентина Еркиновна

Махатова Валентина Еркиновна

техника ғылымдарының кандидаты, профессор

Өмірбаян

Білімі және ғылыми дәрежесі: 1986 ж. А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік университеті, «Математика және физика» мамандығы, математика және физика пәнінің мұғалімі. 2003 ж. М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар қазақ академиясы, техника ғылымдарының кандидаты (01.02.04 – қатты денелердің механикасы). 2008 ж. Механика мамандығы бойынша доцент (қауымдастырылған профессор). 2025 ж. Компьютерлік ғылымдар және информатика ғылыми бағыты бойынша профессор. Жұмыс қызметтері: 1986-1996 жж. Атырау, Жезқазған, Жаңа Өзен қалаларының мектептерінде математика пәнінің мұғалімі. 1996 жылдан Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде: оқытушы, аға оқытушы, Информатика кафедрасының меңгерушісі (2004-2013), академиялық профессор, қауымдастырылған профессор. 2017 жылдан бастап «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының профессоры. Ғылыми қызығушылықтары: Білім беруді басқару, ақпараттық жүйелер теориясы, компьютерлік технологиялар, компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігі, айқын емес ортада үдерісті басқаруды реформалау, мұнай өңдеу процестерін оңтайландыру.