Артқа
Ақтаубаева Жанар Хамитқызы
Магистр, сеньор-лектор zh.aktaubaeva@asu.edu.kz
Өмірбаян
Кәсіби қызмет:
Кәсіби өтілі 35 жыл. 1990-1991 оқу жылы Атырау облысы Махамбет ауданы,Таңдай орта мектебі аға пионер вожатый,1995-2007 оқу жылы Таңдай орта мектебінде География пәні мұғалімі, 2007 жылдың қыркүйек айынан бастап Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің География және туризм кафедрасының сеньор-лекторы, магистр.
Білімі, ғылыми дәрежесі және атағы:
1991-1996 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, университетті 1996 жылы биология-география мамандығы бойынша аяқтап диплом алып шықты. 2024жылы Орталық Азия Инновациялық университетіне оқуға түсіп, 2025 жылы 7М01502-Биология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алып шықты.
Ғылыми қызығушылықтары: География оқыту әдістемесі, Дүние жүзінің әлеуметтік – экономикалық географиясы, Тұрғындар географиясы
Оқытатын курстары:
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы, География оқыту әдістемесі, Дүние жүзінің әлеуметтік – экономикалық географиясы, Тұрғындар географиясы.