Артқа
Хайржанова Бибігүл Сейілханқызы

Хайржанова Бибігүл Сейілханқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты (2008), қауымдастырылған профессор.

Өмірбаян

(5.02.1973 ж.т., Атырау обл., Махамбет ауд., Махамбет селосы) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді бітірген (1995). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 1995 жылдан еңбек етеді. Педагогика ғылымдарының кандидаты (2008), қауымдастырылған профессор. Ғылыми еңбектері: «Махамбет шығармалары арқылы жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мен оқытудың өнегесі» монографиясының (2023) және 50-ден аса ғылыми мақалалар авторы. Халықаралық конференциялар:2022 ж Түркия Республикасы Ататүрік университеті халықаралық тағылымдама. 2026 ж Түркия Республикасы. Невшехир қаласы. Хаджи Бекташ Вели университеті. Марапаттары: ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы (2008).