Артқа
Тумышева Анар Аирбековна

Тумышева Анар Аирбековна

магистр, «Физика және техникалық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы. E-mail: anar_ta86@mail.ru

Өмірбаян

Білімі: 2003-2007 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 010640- Физика мамандығы бойынша білім алып, «Физика және информатика пәнінің мұғалімі» біліктілігін алды. 2011-2013 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, -6М060400-Физика мамандығы бойынша магистратураны тәмамдап, жаратылыс ғылымы магистрі академиялық дәрежесі берілді. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша жобалар: 1. ИРН АР09562417 Физикалық интерактивті компьютерлік модельдеудің заманауи мектепте онлайн оқытуды жүзеге асырудағы тиімділігі. Гранттық қаржыландыру жобасы. 2021ж –орындаушы; 2. Қазіргі заман талабына сай өндіріс жағдайында орта мектепте физиканы оқыту үдерісінде политехникалық білім беруді жаңғырту, гранттық қаржыландыру жобасы. 2021ж –орындаушы; 3. ИРН AP19678865 Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығында STEM технологиялары негізінде физикалық есептерді шешуді үйрету процесін оңтайландыру. Гранттық қаржыландыру жобасы. 2023-2025 жж –орындаушы; Жұмыс қызметтері: Кәсіби еңбек өтілі - 19 жыл. 2007 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Физика және техникалық пәндер» кафедрасында қызмет етіп келеді. Ғылыми қызығушылықтары: физиканы оқыту әдістемесі, білім берудегі цифрлық және SMART-технологиялар, интерактивті және инновациялық оқыту әдістері , STEM және цифрлық білім беру ортасы және білім беру процесінде заманауи технологиялар.