Артқа
Сабитова Ақмарал Талғатқызы
Магистр, оқытушы
Өмірбаян
2010 жылы Ақкөл жалпы орта мектебін «Алтын белгімен» бітіріп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетіне «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша Астана қаласына оқуға түстім. 2014 жылы университетті үздік бітірген соң, Джеджиянг Университетіне «Қытай тілі және мәдениеті» факультетіне білімімді шыңдау мақсатында Қытайдағы Ханчжоу қаласында оқып келдім. Қытай тілін бесінші(С1) деңгейде білемін.
2016 жылы Астана Қаласындағы «KazAtomProm» компаниясына «Аударма» бөлімінде контракт бойынша аудармашы қызметін атқардым.
2018 жылы Астана қаласындағы «Genius» халықаралық мектебінде ағылшын тілінен сабақ бердім.
2019 жылы Атырау қаласындағы «CCEP» компаниясы филиалының «Жабдықтау бөлімінде» координатор болып жұмыс жасадым.
2021 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау Университетінде «Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түстім.
2022 жылы Турциядағы Нийде Омер Халисдемир Университетінде академиялық ұтқырлык бойынша бір семестрге оқуға кеттім.
2022 жылдың күзгі семестрінде Турциядағы Чанаккале Онсегиз Март Университетіне академиялық ұтқырлық бойынша оқуымды жалғастырдым.
2023 жылы тағылымдама және тәжірибемді Турциядағы Чанаккале Онсегиз Март Университетінде өтіп, Атырау Университетінде «Студенттерге шет тілін оқытудағы инновациялық технологиялар (дискурс)» тақырыбында магистрлік диссертациямды қорғадым.
2023 жылдың 28 тамызынан бастап Халел Досмұхамедов атындағы Атырау Университетінде, Көптілді білім беру факультетінде, Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасында мұғалімдік қызметін атқарудамын.
2023 жылы қарашаның 26- ақпанның 10 аралығында Чанаккале Онсекиз Март Университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен барып өз тәжірибемді жетілдірдім.
2023 Нийде Халисдемир Университетімен «Ортақ білім беру бағдарламасын» жасауға протоколдарды аударуға өз ықпалымды тигіздім, сонымен қатар өз кураторлығымдағы бірінші курс студенттерімнен 5 студентті дайындадым, Нийде Өмер Халисдемир университетіне «ортақ білім беру» бағдарламасымен оқуға жіберу үшін комиссия құрып, сынақ өткізуге ат салыстым.
2024 жылы желтоқсан айында Чанаккале Онсегиз Март Университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен барып, магистранттарымыз үшін «Қос диплом» бағдарламасын жасауға, протоколды аударып Түркиядағы YÖK-ке тапсырып келдім.
2026 жылы наурыздың 1-14 аралығында «Орхун» бағдарламасымен Каппадокия Университетінде бардым.