Артқа
Куанбаева Баян Улжагалиевна

Куанбаева Баян Улжагалиевна

физика және техникалық пәндер кафедрасының п.ғ.к., профессор.

Өмірбаян

Бітірген оқу орнының толық атауы 1992 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Физика» факультетін, біліктілігі: "Физик. Оқытушы". (ШВ № 332238) Оқу орнына түскен және оны бітірген жылы 1986-1992 жж. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы 13.00.01—Жалпы педагогика, педагогика және білім беру тарихы, этнопедагогика мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты (№0011707), 2004 ж. Педагогика мамандығы бойынша доцент (қауымдастырылған профессор) ғылыми атағы (№0000089), 2007ж. 50300- Білім ғылыми бағыты бойынша профессор, (PR000255), 2025ж. Кәсіби қызметі: Кәсіби еңбек өтілі 34 жыл, Оның ішінде: 2 жыл Атырау облысы дарынды балаларға арналған облыстық ұлттық гимназиясының физика пәні мұғалімі және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (1992-1994 жж.). 1994 жылдан бері Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің физика және техникалық пәндер кафедрасында оқытушы (1994-96 жж), аға оқытушы (1996-2005 жж), кафедра меңгерушісі (2005-2014гг), қауымдастырылған профессор (2014-2023гг), 2023 жылдан бастап кафедра профессоры, 2025 жылдан бастап профессор. Ғылыми –педагогикалық өтілімі 32 жыл. Ғылыми бағыты: Әлеуметтік ғылымдар. Білім беру, физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық технологиялар, физикалық процестерді компьютерлік модельдеу. Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру бойынша жобалар: ИРН АР09562417 Физикалық интерактивті компьютерлік модельдеудің заманауи мектепте онлайн оқытуды жүзеге асырудағы тиімділігі. Гранттық қаржыландыру жобасы. 2021ж –Ғылыми жетекші; Қазіргі заман талабына сай өндіріс жағдайында орта мектепте физиканы оқыту үдерісінде политехникалық білім беруді жаңғырту, гранттық қаржыландыру жобасы. 2021ж –орындаушы; ИРН AP19678865 Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығында STEM технологиялары негізінде физикалық есептерді шешуді үйрету процесін оңтайландыру. Гранттық қаржыландыру жобасы. 2023-2025 жж –орындаушы; DP23691820 Физикадан толықтырылған шынайылықтың динамикалық бейнелері мен интерактивті модельдері негізінде оқу құралын әзірлеу. 2024-2026. ҒҒТҚН коммерцияландыру жобасы. -ғылыми жетекші; AP25796073 «Жасанды интеллект принциптеріне негізделген қашықтықтан оқыту платформасын құру әдістемесін әзірлеу». Жас ғалым жобасы. 2025-2027жж. Ғылыми кеңесші. “BR28713197 Каспий тұрақты инновациялар орталығы: өңірдің неғұрлым экологиялық болашаққа көшуi үшін баламалы шешімдерді ғылыми-академиялық ілгерілету”. 2025-2027жж. нысаналы гранттық қаржыландыру жобасының орындаушысы ретінде; AP26105437 Кітапхана қызметі мен STEM-білімнің интеграциясы: Болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеушілік құзыреттілігін TVET бағдарламасы негізінде дамыту. 2025-2027жж. (Яссауи ат Қазақ-Түрік университетінің физик ғалымдарымен бірге). Патент: 1. Интерактивті оқу жүйесі. № 11432. «Ұлттық зияткерлік меншік институты». Қатарлы сызғыш-транспортир. № 11452«Ұлттық зияткерлік меншік институты».