Артқа
 Джумамухамбетов Джангирхан Гилманович

Джумамухамбетов Джангирхан Гилманович

“Физика және техникалық пәндер” кафедрасының қауымдастырылған профессоры. E-mail: dzhumamukhambetov2025@mail.ru

Өмірбаян

Білімі және ғылыми тәжірибесі: 1979 жылы Гурьев педагогика институтының физика-математика факультетінің «Физика пәнінің мұғалімі» мамандығын бітірді. 2007 жылы Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының физика Институтында 01.04.05-оптика мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Университетте жұмыс істеген мезгілде ол 80-нен аса мақала жазып облыстық, республикалық, халықаралық журналдарда жарық көрді. Ол № 990065.1."Способ получения p-n переходов" атты патенттің авторы. Жұмыс қызметтері: 1979 жылы Гурьев педагогика институтының физика-математика факультетін бітірді. Бітіргеннен кейін Атырау қаласында орта және кәсіби-техникалых оқу орындарында физика пәнінің мұғалімі, директордың орынбасары, директор болып жұмыс атқарды. 2000 жылдан бастап Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы болып жұмыс істейді. Осы мезгілде ол декан орынбасары, физика кафедрасының меңгерушісі, университеттің оқу басқармасының бастығы, компьютерлік және есептеу технологиялар кафедрасының, физика және техникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі лауазымын атқарды. Қазіргі кезде ол физика және техникалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Ғылыми қызығушылықтары: физика, жартылай өткізгіштер, электроника, фотоника, энергетика. Халықаралық конференциялар, симпозиумдар және семинарларға қатысу: 1. Джумамухамбетов Д.Г. «Педагогикалық салада физиктерді дайындауда физикалық эксперименттерді цифрландыру» Сборник материалов международной научно-практической конференции «Цифровые технологии и междисциплинарные подходы к решению прикладных задач образования и науки», посвященной 75-летнем юбилею д.ф-м.н., профессора, академика НАН Казахстана при президенте РК, заслуженного деятеля РК, почетного гражданина Атырауской области ЕРСАЙЫНА ВАЛИТХАНОВИЧА ИХСАНОВА г.Атырау, 03.10.2025ж, 332бет 2. Ж.Г.Джумамухамбетов «Оценка малых модульных реакторов АЭС для реализации в Казахстане» International Scientific Conference «Reviews of Modern Science» (October 23-24, 2025). Zürich, Switzerland, 2025. 142-153p ISBN 978-1-3260-7065-6 DOI 10.5281/zenodo.17451859