Артқа
Сағындықова Софья Зұлхарнаевна

Сағындықова Софья Зұлхарнаевна

Б.ғ.д., профессор, s.sagyndykova@asu.edu.kz «Биотехнология» ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі

Өмірбаян

Кәсіби қызмет: Кәсіби өтілі 46 жыл. 1978-1979ж.ж. - ЦНИОРХ (бекіре балық шаруашылығын ғылыми зерттеу орталығы) гидрохимия лабораториясының инженері, 1979-1984ж.ж. – Гурьев педагогикалық институтының медициналық дайындық және азаматтық қорғаныс кафедрасының оқытушысы, ботаника кафедрасының оқытушысы 1984-1989ж.ж. – С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты 1994-1998ж.ж. – Қазақ қыздар педагогикалық институтының экология және зоология кафедрасының доценті 1989-2001ж. – әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. бас инженер, аға оқытушы, биологияны оқыту әдістері, микробиология кафедраларының доценті, 2001ж.-дан бастап - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқу ісінің, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, ректор міндетін атқарушы, 2011ж.бастап биология және балық шаруашылығы кафедрасының профессоры, «Биотехнология» ғылыми зерттеу орталығының директоры. 2025 жылы «Биотехнология» ғылыми зертханасының меңгерушісі. Білімі, ғылыми дәрежесі және атағы: 1978 жылы Атырау мемлекеттік университетінің биология және химия факультетінің биология және қосымша химия мамндығын үздік дипломмен бітірген. 1990ж. кандидаттық диссертацияны «Изучение молочнокислых бактерий муки и использование, их в хлебопечении» тақырыбы 2005 жылы (03. 00. 07 – микробиология) бойынша, ал докторлық диссертацияны Қазақстанның әртүрлі аймақтарының ферменттелген және ферменттелмеген өнімдеріндегі сүт қышқылы бактерияларының алуан түрлілігі (биологиялық белсенділігі мен практикалық маңызы) тақырыбында (03. 00. 07 – микробиология), қорғады. ЖАК профессоры. Ғылыми қызығушылықтары: микробиология, биотехнология, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, балық шаруашылығы, кешенді басқару Оқытатын курстары: Қазіргі заманғы микробиология әдістері, биогеохимия, топырақ, су және өсімдіктерді зерттеу әдістері, микроорганизмдер биологиясы, микроорга- низмдер биотехнологиясы,паразитология, микробиологияның таңдаулы тараулары, Ғылыми жұмыстарды жоспарлау жәнеқйымдастыру, т.б.