Артқа
Нургалиева Айман Калидуллаевна
PhD доктор, қауымдастырылған профессор, aiman-nurgaliyeva@mail.ru. Биология және балық шаруашылығы кафедра меңгеруішісі
Өмірбаян
Кәсіби қызмет:
Кәсіби өтілі 19 жыл. 2005-2008жж Атырау медицина колледжі, медициналық биология және генетика пәнінің оқытушысы. 2008-2010 жж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Зоология және биология» кафедрасы, оқытушы-стажер. 2010 ж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Ауыл шаруашылығы мамандықтары» кафедрасы, оқытушы. 2013ж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті «Биология және ауыл шаруашылығы мамандықтары» кафедрасы, аға оқытушы. 2017-2020 жж Абай атындағы ҚазҰПУ –нің «6D011300- Биология» мамандығы бойынша мақсатты негізде докторантурада оқыды. 2020-2022жж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ «Биология және ауылшаруашылық пәндері» кафедрасы аға оқытушы. 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ «Биология және ауылшаруашылық пәндері» кафедрасының қауымдастырылған профессор м.а. 2025 жылдың қыркүйегінен бастап биология және балық шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі қызметінде жұмыс жасап келеді.
Білімі, ғылыми дәрежесі және атағы:
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультеті, Химия-Биология мамандығына мемлекеттік грантпен оқуға түсіп (2001-2005 ж.ж.), аталған университетті Химия және Биология пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады.
2006 жылы Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі 6N0607–Биология мамандығы магистратураға оқуға түсіп, оны 2008 жылы «Тоған судағы балықтардың қоректену ерекшелігі» тақырыбында магистрлік диссертацияны «өте жақсы» қорғап, Биология ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алды.
2017 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 6D011300- Биология мамандығына мақсатты негізде докторантураға оқуға түсті.
2022 жылы 8D015-Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау (6D011300/8D01513-Биология) бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы диссертациялық кеңесте «Жоғары педагогикалық оқу орындарында жаңғырту жағдайында биолог студенттерді практикаға бағыттап оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертациялық жұмысты қорғады.
(6D011300/8D01513-Биология) бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алды.
Ғылыми қызығушылықтары: Білім берудегі биология, биологияны оқытудағы технология, білім берудегі STEM, практикаға бағыттап оқыту
Марапаттары: Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен «1- қазан Жоғары білім қызметкерлері күні» мерекесіне орай марапатталды (2024ж.).