Артқа
Мұхитов Қабибек Сәдірұлы

Мұхитов Қабибек Сәдірұлы

қауымдастырылған профессоры, таеквондодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы

Өмірбаян

МҰХИТОВ Қабибек Сәдірұлы - тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, таэквондодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы. Гурьев (Атырау) облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосында туған. 1968-1978 жж. Атырау қаласы №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектепте оқыған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқып (1985 ж.) тарих, қоғамтану және кеңестік құқық мамандығын, (2017 ж.) Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жене спорт мамандығын (бакалавр дәрежесін) алып шықты. Гурьев (Атырау) педагогикалық институтының (1985 ж.) Қазақстан тарихы кафедрасының, (2019 ж.) Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, қауымдастырылған профессоры. (1989-1993 жж) Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында аспирантуда оқған. «1920-шы жылдардағы Қазақстандағы индустриаландыру». (Атырау, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті баспасы, Монография. - 2022 г. - 205 б. ISBN 978-601-262-475-5) мен 40-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы.