Media Image
21.01.2026 9

"Атырау" газеті: Тарихтың ақтаңдақ беттері қайта сарапталды

Бүгін Қызылорда қаласында Ұлттық Құрылтай жұмысында Мемлекет басшысы еліміздің тарихына да қатысты маңызды пікірлерін атап өтуде. 

Бұған дейін өткен Ұлттық Құрылтайлардың барлығы да еліміз үшін тарихи маңызды орталықтарда өтті. Алғашқы Құрылтай ұлтымыздың ұясындай болған Ұлытауда, одан соң Түркістан, Атырау, Бурабай жерінде өтуінің бәрінің де символдық мәні болды. 

Биыл, 2026 жылы ел тәуелсіздігіннің 35 жылдығы аталып өтеді. Ол жұмыстың маңызды белесі ретінде Қазақстан тарихы 7 томдық академиялық басылымының аяқталып, жыл соңына дейін жарыққа шығуы деп санаймын. Бұл еңбек азат еркін тарихымыздың шежіресі, ұзақ жылдарды зерттеулердің нәтижесі. Бұрын империялық немесе кеңестік идеология тұрғысынан тұжырымдалған фактілердің тарихи шынайы сарапталып, академиялық еңбек ұсынылуы үлкен жетістік деп санаймын. 7 томдық еңбекті жазуға еліміздің көптеген ғалымдары жұмылдырылды, жаңадан көптеген архив құжаттары айналымға енгізілді. Бірнеше рет жұмыс тобы мүшелерінің талдау отырыстары өтіп, сараптамалар жасалды. 

Президенттің тарихқа қатысты ойларын үнемі оқып, тыңдап жүремін. Біздің халқымызға тәңірдің сиындай болған осындай ұлы даламызды сақтап қалу – бүгінгі ұрпақтың міндеті. Тек сақтап қалу ғана емес әрі қарай дамыту, өркениеттің көшінен қалмау да міндетіміз. 

Құрылтайда атап өткендей, мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум өтуі де тарихымыздың жаңа деректерін таныстыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң болмақ. 

— Біз соңғы жылдары сан ғасырлық тарихи мұрамызды ғылыми тұрғыдан зерделеу және дәріптеу жолында біраз жетістікке жеттік. Биыл көктемде Жошы хан туралы деректі фильмді түсіру жұмыстары аяқталады. Осы ауқымды жобаның басталғаны туралы Атырауда өткен құрылтай отырысында айттым. Көп сериялы фильнің тұсаукесері беделді халықаралық платформаларда өтеді, — Қасым-Жомарт Тоқаев.

Гүлфайруз ҚАЙЫРҒАЛИЕВА, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректор аппараты жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

https://atr.kz/kozqaras/tarihtyn-aqtandaq-betteri-qajta-saraptaldy/