Media Image
21.11.2025 2

“ҚР мемлекеттік қызмет мектебінің Атырау облысы бойынша департаментінде” ашық есік күні өтті

2025 жылдың 21 қараша күні “ҚР мемлекеттік қызмет мектебінің Атырау облысы бойынша департаментінде” ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның ашылуында Департамент басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Еркебаев Нұрлан Тәңірбердіұлы және ҚР Мемлекеттік қызмет академиясының Атырау облысы бойынша филиалы басшысы Ғабдығаппаров Еркебұлан  Серікұлы студенттерге өз алғыстарын білдірді. Студенттер бірінші кезекте ұйымның тарихы қамтылған мұражайында болды. Содан-соң ұйымның басшысының, басшының орынбасарларының, бөлімдердің жұмыстарымен танысты. Студенттер мемлекеттік қызметке, ұйымның қызмет барысына қатысты сауалдарын жолдап, пікір алмасты. Іс-шара қорытындысында Департамент басшысы ашық есік күніне қатысушыларға алғысын білдіріп, естелік суретке түсті.

📷 Дополнительные изображения