Медиа ресурстар
ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАУ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН КУРС ӨТТІ
Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ҰЛЫҚТАУ: ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН КУРС ӨТТІ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру кеңсесі және университетіміздің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ш.Н. Нағымовтың ұйымдастыруымен біліктілікті арттыру курсы өтті.
Курс Қатира Дутбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің оқытушыларына арналды.
«Қазақ халқының материалдық емес мәдениеті: бұрынғысы және бүгінгісі» тақырыбындағы курс ұлттық мәдени мұраны насихаттау және оны білім беру үдерісінде тиімді қолдану мәселелерін қамтыды.

2026 жылғы 21 қыркүйек – 2 қазан аралығында колледж базасында ұйымдастырылған 80 сағаттық курс педагогтердің этномәдени және кәсіби құзыреттілігін арттыруға, қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтарын қазіргі білім беру үдерісіне тиімді кіріктірудің ғылыми-әдістемелік негіздерін меңгертуге бағытталды.

Курс барысында қатысушылар қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті, салт-дәстүрлері, туыстық қатынастары, Атырау өңірінің тарихи-мәдени мұрасы, халықтық білім, ән-жыр мен күй өнері, ұлттық ойындар және материалдық емес мәдени мұраны білім беру үдерісінде қолдану мүмкіндіктері бойынша білімдерін толықтырды.

Бағдарлама аясында дәрістер, тәжірибелік сабақтар, тренингтер, интерактивті әдістер, топтық жұмыстар және ұлттық ойындарды білім беру үдерісіне енгізуге бағытталған практикалық жұмыстар ұйымдастырылды.

Курс қорытындысында оқу бағдарламасын сәтті аяқтаған қатысушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталды.