Медиа ресурстар
РЕКТОР СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Жаңалықтар

РЕКТОР СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛТАЙДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов Студенттік құрылтайдың жаңадан сайланған президенті Батырбек Бекеев пен құрылтай мүшелерін қабылдады.

Батырбек Бекеев – Экономика және құқық факультетінің «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті. Ол сайлау қорытындысы бойынша 282 ұпай жинап, Студенттік құрылтайдың президенті атанды.

Кездесу барысында студенттердің университет өміріне белсенді араласуы, жастар бастамаларын қолдау және білім алушылардың оқу үдерісі мен қоғамдық іс-шараларға қатысуын арттыру мәселелері талқыланды.

Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов студенттерді университеттегі қоғамдық, мәдени және спорттық іс-шараларға ғана емес, академиялық және ғылыми бағыттағы жұмыстарға да белсене қатысуға шақырды. Сондай-ақ Студенттік құрылтайдың студенттер мен университет басшылығы арасындағы байланысты нығайтып, білім алушылардың ұсыныстары мен бастамаларын жүзеге асыруға ықпал етуі маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында ректор Студенттік құрылтайдың жаңа құрамын сайлануымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік пен табыс тіледі.