Медиа ресурстар
АТЫРАУ – ҚАРАБҮК: ҚОС ДИПЛОМДЫ МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Жаңалықтар

АТЫРАУ – ҚАРАБҮК: ҚОС ДИПЛОМДЫ МАГИСТРАТУРА БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті Түркия Республикасының Қарабүк университетімен қос дипломды білім беру бағдарламасын іске қосты.

Екіжақты кездесу басталмас бұрын қатысушылар Қазақстанның Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.

Кездесуде Атырау университетінің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов пен Қарабүк университетінің ректоры Фатих Кырышык екіжақты келісімге қол қойды. Келісім нәтижесінде Қарабүк университетінің компьютерлік инженерия кафедрасы мен Атырау университетінің бағдарламалық инженерия кафедрасы «Бағдарламалық/Компьютерлік инженерия» білім беру бағдарламасы бойынша магистранттарды бірлесіп даярлайды.

Бағдарлама аясында магистранттар екі университетте білім алып, қос диплом иеленеді. Олар екі оқу орнының академиялық және ғылыми әлеуетін пайдаланып, халықаралық тәжірибе жинақтайды. Сондай-ақ магистрлік зерттеулері бойынша бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізіп, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысады.

Қос диплом бағдарламасы профессор-оқытушылардың тәжірибе алмасуына, білім беру бағдарламаларын бірлесіп жетілдіруге және ғылыми-зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.