Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Студенттік құрылтай аясындағы дәстүрлі үміткерлер дебаты өтті.
Жыл сайын ұйымдастырылатын дебат — үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, студенттік қоғамдастықты дамытуға бағытталған бастамаларын ортаға салатын маңызды кезең. Биыл университеттің алты факультетінен алты үміткер қатысып, өз идеялары мен ұсыныстарын көпшілік назарына ұсынды.
Дебат барысында кандидаттар студенттік өмірдің өзекті мәселелерін қозғап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ өздерінің ұстанымдарын, көшбасшылық қабілеттерін және студенттік қауымдастықтың мүддесін қорғауға дайындығын көрсетті.
Дебат қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен үміткерлер:
І орын — Жолмуханбетова Нұрай
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті — 40 балл
ІІ орын — Бекеев Батырбек
Экономика және құқық факультеті — 30 балл
ІІІ орын — Жайлыбай Нұрбақыт
Инновациялық білім беру факультеті — 20 балл
Барлық үміткерге белсенділігі, тың идеялары және университеттің студенттік өмірін дамытуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз!