Медиа ресурстар
АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Жаңалықтар

АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОРЕКТОРЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде бүгін университеттің Басқарма төрағасы – ректор Саламат Идрисов жауапты лауазымдарға тағайындалған проректорларды құттықтап, ұжымға таныстырды.

Аталған лауазымдарға ұсынылған кандидатуралар бұған дейін Директорлар кеңесінің төрағасы Бейбіт Мамраевтың төрағалығымен өткен Директорлар кеңесінің кезекті отырысында қаралып, бекітуге ұсынға болатын.

Директорлар кеңесінің шешімімен Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры – Қойшығұлова Ләйлә Ерболатқызы, ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры – Алтынбасов Бақыт Өмірханұлы тағайындалды.  

Сонымен қатар, Атырау университеті стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры міндетін атқарушы лауазымына Закарья Рахметолла Төлемісұлы тағайындалды.

Басқарма төрағасы – ректор жауапты лауазымдарға тағайындалған проректорларды жаңа қызметтерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, университеттің одан әрі дамуына елеулі үлес қосатындарына сенім білдірді.

Х.Досмұхамедұлы  атындағы Атырау университетінің ұжымы жаңадан тағайындалған проректорларға жаңа қызметтерінде толағай табыс, нәтижелі еңбек және сәттілік тілейді!