Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Жасанды интеллект және цифрлық трансформация» тақырыбында AI WEEK апталығы өтеді. Ұйымдастырушылар аталықты 21–25 қыркүйек аралғына жоспарлаған.
Апталық барысында студенттер мен оқытушыларға арналған бірқатар танымдық және практикалық іс-шаралар өтеді. Бағдарламада жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде қолдану, заманауи Agile, Scrum, Kanban тәсілдері, робототехника, IT және цифрлық технологияларға арналған workshop-тар, қонақ дәрістер, пікірталастар мен AI & IT Battle сайысы қамтылған.
Бұл апталық Астана қаласында 1–3 қазан күндері өтетін AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясындағы AI бағытындағы іс-шаралармен үндесіп, жасанды интеллект саласындағы білім мен тәжірибені өңірлік деңгейде дамытуға бағытталған.
📅 21–25 қыркүйек 2026 жыл
📍 Атырау университеті
Білім. Технология. Инновация. Болашақ. 🚀
#AIWeek #AtyrauUniversity #ЖасандыИнтеллект #ЦифрлықТрансформация #AIDigitalBridge2026 #AIҚазақстан