2025 жылғы 27 қарашада экономика ғылымдарының магистрі, Менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Абузьярова Жанна Рафиковна "Инфляция, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау" тақырыбында "Экономикалық теория" пәні бойынша 6В04102–Саладағы менеджмент 6В04101 –Экономика, 6В04104 – Есеп, аудит және бизнес-процестерді талдау, 6B04106 – Менеджмент, маркетинг және бизнес, 6B04103 – Экономика және мемлекеттік басқару, 6B04105 – Қаржы және аналитика ББ 1 курс студенттері үшін ашық семинар сабағын өткізді.
Семинар сабағы Quiz форматында өткізілді. Студенттер 5–6 адамнан тұратын командаларға бөлінді. Quiz бірнеше тапсырмалардан тұрды, әрбір дұрыс жауап үшін ұпай берілді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды.
Сабақтың мақсаты экономика проблемаларына қызығушылықты дамыту, студенттердің аналитикалық ойлауы мен коммуникативтік қабілеттерін дамыту, студенттерді шығармашылықпен, қойылған міндеттерді шешуге ерекше көзқараспен қарауға ынталандыру, топта шығармашылық жұмыс дағдыларын дамыту, сондай-ақ экономикалық білімге тұрақты қажеттілікті және алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға ұмтылысты дамытуға ықпал ету.