Медиа ресурстар
«AI Hackathon – 2026» өз мәресіне жетті
Жаңалықтар

«AI Hackathon – 2026» өз мәресіне жетті

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде өткен облыстық «AI Hackathon – 2026» өз мәресіне жетті. Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы дарынды жастарды біріктірген ауқымды додаға мектеп оқушылары, колледж және университет студенттерінен құралған 24 команда қатысты. 

Қатысушылар екі күн бойы жасанды интеллект негізінде инновациялық жобалар әзірлеп, нақты өмірде қолдануға болатын шешімдер мен прототиптер ұсынды. Жарыс Mobile & Web Development, AI Models және Cybersecurity бағыттары бойынша өтті.

Хакатон қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, университет ректорының атаулы білім беру гранттарымен марапатталды:

🥇 І орын — “NovaCoders” командасы (АПЕК)
Құрамы: Казгали Баязет, Чигреев Бахтияр, Максотов Каншар
Жүлде: оқу ақысына 100% жеңілдік
Команда жетекшісі: Казангапова Венера Саламатовна

🥈 ІІ орын — “AspiringMLE” командасы (3-ші мектеп гимназия, Д.Қонаев атындағы BINOM )
Құрамы: Ғатау Амир Махмудұлы, Адылхан Аман Жақсылықұлы
Жүлде: оқу ақысына 50% жеңілдік
Команда жетекшісі: Муратов Аннур Русланұлы

🥉 ІІІ орын — “APEC warrior’s” командасы (АПЕК)
Құрамы: Досжанұлы Ибраһим, Базаргали Мейіржан, Тұрсынбай Нұрсұлтан
Жүлде: оқу ақысына 30% жеңілдік
Команда жетекшісі: Тулегенова Камшат Ерсайыновна

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!