Факультет туралы
Көптілді білім беру факультеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы негізінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Ғылыми Кеңесінің 2017 жылғы 31 тамыздағы (№1 хаттама) шешімімен құрылды.
Факультет 1950 жылдан «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Орыс филологиясы», 1992 жылдан «Шет тілі», 2001 жылдан «Аударма ісі», 2004 жылдан «Филология» білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар дайындайды.
Көптілді білім беру факультетінің миссиясы – Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарына сәйкес кәсіби кадрларды даярлаудың жаңа технологияларын, ғылым жетістіктерін пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті көптілді мамандарды даярлау.
Факультетте келесі тілдер оқытылады: қазақ, орыс, ағылшын, қытай, француз, неміс, түрік.
Факультетте білім алушыларға жоғары кәсіби біліктілігі бар тәжірибелі мамандар сабақ береді, олардың 40% - наук кандидаттар мен ғылым докторлары, профессорлар құрайды.
Студенттердің қоғамдық белсенділігі мен өзін-өзі басқаруын арттыру мақсатында факультетте «Студенттік деканат» жұмыс істейді. Студенттік деканат екі бағытта жұмыс істейді: біріншісі ғылыми және шығармашылық зерттеулерге бағытталған, екіншісі - мәдени-спорттық бағыт.
Бакалавриат бойынша келесі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады:
6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
6B01705 – Шетел тілдері
6B01707 – Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
6B02301 – Аударма және аударматану
6B02302 – Филология: қазақ филологиясы
Магистратура бойынша келесі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады:
7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (2 жыл)
7М01702 – Орыс тілі және әдебиеті (2 жыл)
7М01703 – Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация (2 жыл)
7М02302 – Аударма ісі (2 жыл)
7М02301 – Филология (2 жыл)