Кафедра тарихы

15.04.2026 181

Музыкалық тәрбие берудің негізі мақсаты–рухани дүниесі жан жақты дамыған, салауатты өмір салтын берік ұстанған жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Музыка тілі – басқа өнер саласымен салыстырғанда күрделі тіл екендігі белгілі. Ол сезімге әсер ете отырып, адамның қиялы мен көңіл-күйіне байланысты қабылданады.

«Музыка және өнер» кафедрасының ұжымы 50 жылдан аса тарихында кәсіби мамандарды - музыка мұғалімі, концерттік орындаушылар, мәдени-сауық жұмыстарын ұйымдастырушы, жалпы білім беретін мекемелерде музыкалық үйірмелердің жетекшілерін дайындауда үлкен жетістіктерге жетті.

Кафедра тарихы 1976 жылдан бастау алады. Осы жылы Атырау өңірінде тұңғыш рет физика – математика факультетінің жанынан «Музыка және ән» мамандығы  ашылды.  Факультет деканы болып физика-математика ғылымының кандидаты, доцент Қамматов Қаттап Қамматұлы тағайындалды. Кафедраларға оқытушылардың жетіспеуіне байланысты институт ректоры Е.Б.Сахиповтың бұйрығымен (№343. 14.10.1976ж.) музыка училищесінің оқытушылары Н.Сиражев, И.Хованский және  Е.М.Нурашев, М.Кох, М.Ижанова, С.Әжікенов, және музыка мектептерінің мұғалімдері  К.Игжанов, О.Брызгина, Л.Медьнова, А.Бирюковалар  (№346. 18.10.1976ж.) қосымша жүктемемен жұмысқа қабылданды.

Қадрлардың әлеуетін  көтеру мақсатында Өскемен педагогикалық институтының аспиранты М.Г.Котляр шақыртылып, ректордың бұйрығымен (№353. 26.10.1976ж.)  «Музыка теориясы және тарихы» кафедрасының аға оқытушысы  және  ( №357. 30.10.1976ж.)  кафедра меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

Факультетте ашылған “Музыка тарихы және теориясы” кафедрасына 5 оқытушы қызметке алынып, кафедраның меңгерушісі болып  Котляр Геннадий Михайлович бекітілді.

Алғашқы 1976-1977 оқу жылында №2119 “Музыка және ән ” мамандығына бөлінген 50 орынға 109 үміткер құжаттарын тапсырды. Олар 4 пән бойынша іріктеу емтихандарын тапсырып 50-і (25-і орыс, 25-і қазақ тобына) оқуға қабылданды. Олардың 24-і қаладан, 26-сы ауылдық жерлерден.

1977 жылы Қазақ ССР оқу Министрінің бұйрығымен «Музыка және педагогика» факультеті құрылды.  Факультеттің алғашқы деканы болып психология ғылымының кандидаты Котляр Геннадий Михайлович тағайындалды . Факультеттің құрамында екі бөлім жұмыс жасады: “Музыка және ән” және “Бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы”.

Факультетте 1977-78 оқу жылының аяғында үш кафедрада 28 оқытушы жұмыс жасады:

1 “Музыка тарихы және теориясы” кафедрасы – 9 оқытушы, кафедра меңгерушісі Москва мемлекеттік консерваториясының түлегі, аға оқытушы Шкабурин Виктор Иванович;

2 “Музыкалық аспаптарда ойнау” кафедрасы – 10 оқытушы, кафедра меңгерушісі, Астрахань консерваториясының түлегі, аға оқытушы Корнюша Наталья Аркадьевна;

3 “Бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы” кафедрасы – 9 оқытушы, кафедра меңгерушісі - Орал педагогика институтының түлегі, филология ғылымының кандидаты, доцент Шәукенов Құсекен Шәукенұлы.

 

Музыка кафедралары барлық арнайы пәндерден оқу бағдарламаларымен (гармония, музыка тарихы, сольфеджио, хор класы, дирижерлау, арнайы музыкалық аспап, дауысты қалыпқа келтіру пәні және т.б.) толық қамтылды.

1977-78 оқу жылының екінші жартысында Ресейдегі алдыңғы қатарлы оқу орнының бірі Куйбышев мемлекеттік педагогикалық институтымен келісім шарты бойынша факультеттің үздік оқып жүрген 4 студенті (З.Қайрошева, Н.Хафизова, Г.Жақсыбаева, В.Завалов) оқуға жіберіліп, Куйбышев педагогика институтының бағдарламалық талаптарына сәйкес  сессияны жақсы тапсырды.

1977-78 оқу жылында “Музыка және педагогика” ұжымы мектеппен және халыққа білім беру мекемелерімен тығыз байланыста қызмет жасай отырып, ғылыми – әдістемелік және практикалық көмек көрсетті. Атап айтсақ,  кафедра меңгерушілері Н.А.Корнюша, Қ.Ш.Шәукенов, факультеттің оқытушылары Г.М.Котляр, О.Д.Бахтияров, Н.С.Мусина, А.Е.Прямов, А.С.Оборнев облыстық білім жетілдіру институтында арнайы пәндерден дәрістер оқыды. Ал оқытушы Г.А.Шарафетдинова Маңғыстау білім жетілдіру институтында музыкалық тәрбие беру әдістемесінен дәріс берді.

Өңірдегі өнерге икемі бар талапкерлерді тарту мақсатында, оқытушылар Г.А.Шарафетдинова, Н.А.Толстов облыстың барлық аудан мектептерінде өткен көркемөнерпаздар байқауларына қатысып, талантты оқушыларды институтқа  оқуға келуге  үгіттеді.

1979-1980 оқу жылындағы “Музыка және ән” мамандығында оқитын студенттер саны алғаш ашылған оқу жылымен салыстырғанда 4 есеге жуық артты.

Факультетте студенттер оркестрі мен хордың ірге тасы қаланды. Институттың сұранысы бойынша, Москва, Ленинград, Саратов, Ростов-Дон қалаларының жоғары оқу орындарының түлектері Қазақ ССР оқу министрінің жолдамасымен факультетте еңбек етуге келіп, кәсіби маман ретінде артына үлкен мәдени, ғылыми іздер қалдырып кетті.

1980жылдардан бастап Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор Рысбай Ғабдиев, доцент Нариман Сиражев, аға оқытушы Рзаханов Боздақ сияқты облыстағы жастарды өнерге тартуда үлкен еңбек сіңірген тұлғалар қызмет ете бастады. Кафедраның шеберханасында шебер Молдашев Арыстанбек еңбек етті.

«Музыка жәнеән» мамандығының алғашқы түлектері 1980 жылы бітірді. Біз қарастырып отырған кезеңге дейін барлығы 245 жоғары білімді музыка пәнінен сабақ беретін жас мамандар бітіріп шықты. Олар Гурьев облысы мен қатар көршілес Орал, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мектептерінде де еңбек етеді.

1980 жылдары музыка мамандығын таланты жергілікті жастардың біртобы бітіріп, олардың көпшілігі оқытушылық жұмысқа қалдырылды: Қ.Л.Түсекенов, Г.Т.Рысқалиева, Б.Т.Қадыров, Г.Р.Черняховская, О.Ф.Раисов, М.А.Абилова,  О.С.Золотницына, В.А.Бнатова, А.Г.Шапошникова, Т.М.Суингарина, Е.Д.Ковалева және т.б.

Факультеттің бітіруші түлектері жалпы білім беретін орта мектептерге, музыка мектептеріне жіберіліп, облыстың кадр тапшылығы мәселесін шешуде тың үдеріс болды. Бітіруші түлектердің ішінде өз мамандығы арқылы облыс көлемінде танылған музыкант-педагогтарды атасақ, Атырау қаласында Е.Таменов, А.Азанбаева, А.Ким, Индер ауданында Б.Бахтиярова, Қ.Жұбанышқалиев, Қызылқоға ауданындаА.Есенғалиев, Б.Жайымов, Мақат ауданында Р.Түсіпқалиева, Л.Қуанышқалиева, Жылой ауданында С.Мұхтарова, И.Емельянов, Махамбет ауданында М.Дауылбаев т.б.

1977 жылы факультетте студенттік қазақ халық аспаптар оркестрі құрылып,  профессор О.Д.Бахтияров көркемдік жетекші болды. Ұлт аспаптар оркестрі ұйымдастырылуы, ұзаққа созылған ғылыми ізденістер мен тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде биікке шыға бастады. Оркестрге қосылып, оқытушылар М.Төреханова, А.Жұмағалиева және басқа ән өнерінің саңлақтары өнер көрсетті. Оркестр облысымыздың ауылдық жерлерінде, қала көлемінде үлкен концерттерге қатысып, бірнеше реет шетелдерде болып өнер көрсетіп табыспен оралды.

Профессор О.Д.Бахтияров,  доценттер Әжікен С, Раисов О және басқа да факультет оқытушылары бірнеше әдістемелік оқу құралдарын, нұсқауларын дайындады. Олар факультетімізде, әрі облысымыздың түкпір-түкпіріндегі музыкалық колледждер мен мектептерде қолдалынуда. Ұстаздық шеберлігін жетілдіру саласында жалықпай жемісті еңбек етіп жүрген доцент Гайсина М.З. мен аға оқытушы Джаксиева Г.Б. - консерватория түлектері.

Музыкалық аспапты жете меңгерген көптеген студенттеріміз жоғарғы оқу орындары арасындағы Республикалық конкурстардың лауреаттары атанды: пианистер Н.Таласова, Д.Кашемкулова – (1981 ж), баянистер В.Рожков, В.Чуреев, А.Шонаев әр жылдары жеңімпаз атанды. Профессор О.Д.Бахтияров класының домбырашы студенттері Республикалық конкурстардың әр кезеңдегі лауреаттары: С.Рзиев – 1980, 1982 жж, Г.Рысқалиева – 1982, 1984 жж, Т.Джакиева, Д.Хасанова  – 1986ж,  п.ғ.к. доцент О.Раисовтың студенттері Темірболатова Ш, Б.Сахиповтар – мектептегі ән сабағын өткізуден Республикалық конкурстың жеңімпаздары атанды.

Атырау қаласының, облыстың және факультеттің мәденидамуына ерекше өз үлесін қосқан, мәдениет қайраткері, Қ.Р. халықартисі, «Парасат» орденінің иегері, дирижер, дәстүрлі музыканы жетілдіруші, 1981-1990 жылдары факультет деканы болған -  Рысбай Хисметұлы Ғабдиевтің еңбегі өте зор. Сол кезде Рысбай Хисметұлы Ғабдиев басқарған факультеттің студенттік ұлт аспаптар оркестрі қала, облыс және республика көлемінде өнер көрсетіп, көрермендердің құрметіне бөленді. 1991-1998 жылдары факультеттің деканы болып профессор О.Д.Бахтияров тағайындалып көп жылдар тынымсыз еңбекетті.

2003-2004 оқу жылында кафедрада «Актерлық өнер» және «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандықтары, ал 2010 жылы «Вокальдық өнер» мамандығы ашылды. Осы жылы Алматы консеваториясын вокал мамандығы бойынша бітірген К.Ж.Жамекова және Алматы консеваториясын дәстүрлі халық әні мамандығынан бітірген А.Т.Шаужанова, магистр Қ.Ж.Абитаевалар келді.

2006 жылы  кафедра меңгерушісі болып, кафедра түлегі Е.Д.Ковалева тағайындалды. Кафедрада көп жылдардан бері студенттерге кәсіби білім беруде аянбай еңбек етіп жүрген мамандарды атасақ, Қазақстан және Қырғызстан мәдениет қайраткері, Қазақстанның "Парасат" және Қырғызстанның "Дәнекер" ордендерінің, "Алтынсарин" медалінің иегері, атақты композитор, жазушы, дәстүрлі музыкалық өнерді зерттеуші Илья Жақанов, «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері», Бүкілодақтық конкурс-тардың лауреаты, "КСРО Ерен еңбегі үшін", «Екбек ардагері», «Халел Досмұхамедов» медальдарының иегері,  доцент С.С.Әжікен;» ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің Құрметті қызметкері», Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты М.З.Гайсина;  «ҚР Мәдениет қайраткері» Арыстанбек Молдашев;  «Мәдениет қайраткері», Бүкілодақтық конкурстардың лауреаты, доцент К.М.Кипиев; «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісінің иегерлері аға оқытушылар: О.С.Золотницына, Г.Б.Джаксиева, А.Г.Шапошникова; Республикалық "Жастолқын" фестивалінің лауреаты, "Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегерлері, аға оқытушылар С.Д.Жаскеленова,  Е.Д.Ковалева, бірнеше Республикалық Пәндік олимпиадаларға лауреаттар дайындаған аға оқытушы Т.М.Суингарина, Республикалық конкурстарға вокалистер дайындаған аға оқытушы К.Ж.Жамекова, педагогика магистрі Қ.Ж.Абилтаева, жас мамандар А.Т.Шаужанова, Э.М.Куртиева,аға лаборант З.Оңдағанова жемісті еңбек етуде.

2005 жылы кафедраның және университеттің тарихында алғаш рет 73 жастағы түлегіміз - ҚР мәдениет қайраткері, Бүкілодақтық конкурстардың лауреаты, қазақ ұлтаспаптары оркестрінің жетекшісі О.Құлсариев бітіріп шықты.

Кафедраның профессор-оқытушылары студенттерді қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға, олимпиадаларға, фестивальдарға дайындап,   жүлделі орындарға ие болуда: 2008 жылы Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларында өткен Халықаралық «Жемчужный хоровод» фестивальдерінің лауреаттары - «Дәстүрлік музыка өнері» мамандығының студенттері А.Базарова,  А.Сарекенов; 2008 жылы Атырау облыстық ұлттық жастар Дельфийлік ойындары фестивалінің Гран-При жүлдегері  «Дәстүрлік музыка өнері» мамандығының студенттері А.Базарова және лауреат Н.Жиенбаева; 2008 жылы Республикалық ұлттық жастар Дельфийлік ойындары фестивалінің лауреаты  «Дәстүрлік музыка өнері» мамандығының студенті А.Базарова; 2008 жылы О.Бөкей атындағы Көркемсөз оқу шеберлерінің Х облыстықбайқау лауреаты Г.Көшербаева; 2008 жылы  ХІ республикалық байқауының дипломанты  «Актерлік өнер» мамандығының студенті Г.Қайырлиева;  2009 жылы І Республикалық  Олимпиада  лауреаттары -  «Музыкалық білім» мамандығының студенттері Н.Досқалиев, А.Бижанов, Г.Жұмашева.

Кафедрада  ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтыңиегері, профессор Қ.Ахмедьяров,    Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,  жазушы, композитор И.Жақанов, Мәдениет қайраткері Т.Ш.Жангелдиев қызмет етті. 2005 жылы алғаш  рет  кафедра  тарихында   73 жасар студент - Қазақстан Республикасының  мәдениет қайраткері, Бүкілодақтық байқаулардың  жеңімпазы  Құлсариев Орын  қабылданды.

2009 жылдан  бастап  кафедра  «Музыка  және  өнер»  деп аталады  және              «Музыкалық білім»,  «Дәстүрлік музыка  өнері»,  «Актерлік  өнер»  мамандықтары  бойынша  мамандар  дайындауда. 2010 жылы кафедрада жаңа «Вокалдық өнер» мамандығы ашылды.

Кафедрада  "Рауан" ерлер вокалдық ансамблі, жетекшісі доцент М.З.Гайсина; "Сәуле"би ансамблі, жетекшісі аға оқытушы С.Д.Жаскеленова; "Халық сазы" фольклорлық ансамбль, жетекшісі доцент Г.Т.Рысқалиева жұмыс жасады.

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, әртүрлі облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, доцент М.З.Гайсина басқаратын кафераның студенттер хоры мен «Рауан» ерлер вокалдық ансамблі көптеген байқаулардың жеңімпазы ретінде университет, облыс, республика көлеміне танымал. «Мәдениет қайраткері» аға оқытушы Қ.М.Кипиев көп жылдардан бері кафедраның ұлт аспаптар оркестрін басқарып келеді. Оркестр университеттегі мәдени шаралармен қатар, қала көлеміндегі наурыз, т.б. мәдени шараларда өнер көрсетуде. 1992 жылы құрылған «Сәуле» би ансамблі (жетекшісі -С.Д.Жаскеленова)де университет, облыс көлеміне танымал ұжым. Кафедра студенттеріритмика сабақтары арқылыби әлеміне қызығушылықтары артыпөнер биігінен көрінуде.

Кафедра оқытушыларының кәсіби шеберліктерінің арқасында студенттер әр жылдары университетімізді көптеген облыс, республика көлемінде, Москва, Санк-Петербург, Элиста, Қазан, Сочи және т.б. қалаларда өткен көптеген халықаралық байқауларға, фестивалдарға қатысып, жүлделі орындар алып, Атырау университетінің абыройын арттыруда.

2005 жылы Астана қаласында өткен Ұлы Отан соғысы жеңісінің  70 жылдық мерейтойына қатысқан, М.З.Гайсина басқаратын кафедарының студенттер хоры «Үздік хор» номинациясына ие болды.

2009 жылдың 16-қазанынан бастап "Музыкалық білім" кафедрасы "Музыка және өнер" кафедрасы болып аталып, "Музыкалық білім", "Дәстүрлі музыкалық өнер" және "Актерлық өнер" мамандықтарында мамандар дайындай бастады.

Біздің «Музыка және өнер» кафедрасын күндізгі, кешкі және сырттай бөлімдерден бітіруші түлектер жалпы және музыка мектептерінде музыка пәнінің оқытушысы, мәдени орындарында орындаушы және әр түрлі ұжымдардың жетекшісі болып еңбек етіп, облыстың мәдениетін, өнерін  дамытуда өз үлестерін қосуда. «Актерлық өнер» мамандығын бітірген бірінші түлектер облыстың М.Өтемісов атындағы және аудандардың драма театрларында басты рольдерді орындап, еңбек етуде.

Аға ақытушылар К.Ж.Жамекова және Э.М.Куртиевалардың класынан бітірген «Вокальдық өнер» мамандығының бітірушілері облыс сахналарында өнер көрсетіп, көптеген байқаулар мен фестивальдарда жүлделі орындар алуда. «Музыкалық білім» мамандығын бітірушілер жылда өтетін Республикалық байқауларға қатынасып, жеке аспаптарда орындау және сабақ беру сайыстанынан жүлделі орындар алуда. Осы мамандықты бітірушілердің көбі жалпы орта мектептерде, музыка мектептерінде оқытушы, басшы қызметтерді абыроймен атқаруда.

«Музыка және өнер» кафедрасы облыстың мәдениет мекемелерімен, облыстық және қалалық мәдениет басқармаларымен, Атырау облыстық жастар саясатымен, М.Өтемісов атындағы драма театрымен, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармониямен, «Дина Нұрпейісова» атындағы академиялық халық аспаптары оркестрімен, «Нарын» атындағы оркестрмен және облыстағы барлық аудандардағы ұлт аспаптары оркестрлермен, Дина Нұрпейісова атындағы халықтық академиясы, Атырау музыка колледжімен, «Құрманғазы», «Дина Нұрпейісова» атындағы Атырау қалалық мәдениет үйлерімен, Атырау қаласындағы, облыстың аудандарындағы жалпы орта мектептермен және музыка мектептерімен тығыз байланыста. Кафедра мұғалімдері осы мекемелердегі түлектеріне және басқа да ұстаздарға әдістемелік, кәсіби көмек беріп, семинарлар өткізіп, көрнекті ашық сабақтар өткізіп, облыстық «Жас музыканттар» және басқа да көптеген байқауларда әділ қазылар мүшесі болуда.

Институтаралық Ғылыми-зерттеу жобалары:

 

                     ҚР  БҒМ БҒС БК бекіткен журналдарда редакциялық алқаға мүше:

  • Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова. ҚР БҒМ Ғылым Комитеті М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының «Керуен» журналына редакциялық алқада (2021 жылдан бастап).

Жарық көрген кітаптар: 

  1. Аға оқытуушы Т.Естаевтың «Желдірме-Ақжелең» студенттік оркестрге арналған партитуралар жинағы жарық көрді. – Атырау: «ASU Press» Баспа орталығы, 148 б.
  2. Аға оқытушы А.Шаужанованың «Дәстүрлі әншілікке оқытудың әдістемелік негіздері» оқу-әдістемелік құралы жарық көрді. – Атырау: «ASU Press» Баспа орталығы, 128 б.

Ғылыми жарияланымдар:

  1. Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова. «Қазақ жырларының музыкалық-орындаушылық сипаттарының әдебиетші ғалымдар еңбектеріндегі көрінісі» // VIII Международная научно-практическая конференция «Менеджмент качества: поиск и решения» в г. Сиэтл (США) 23–25 ноября 2022 г. Materials of the VIII International Scientific-Practical Conference «Quality Management: Search and Solutions». In two volumes. Volume II – Seattle (WA, USA): Regional Academy of Management, 2022 – (518 p.) – Б.459-467
  2. Аға оқытушы Андиров Қ.Б. «Ұлттық құндылықтарға негізделген қазақ музыкасын оқыту арқылы оқушы дүниетанымын қалыптастыру» // «Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сапанов Сайпулла Жұмабайұлының 60 жас мерей тойына арналған «Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты: даму тарихы және басымдықтары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (12-қазан, 2022). – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ баспанасы, 2022. – Б.218-223.
  3. Аға оқытушылар Е.П. Першина, Г.Б. Джаксиева. «Мотивация как средство повышения качества обучения» //VIII Международная научно-практическая конференция «Менеджмент качества: поиск и решения» в г. Сиэтл (США) 23–25 ноября 2022 г. Materials of the VIII International Scientific-Practical Conference «Quality Management: Search and Solutions». In two volumes. Volume II – Seattle (WA, USA): Regional Academy of Management, 2022 – (518 p.) – С.408 -414
  4. Аға оқытушылар Э.М. Куртиева, Г.Б. Джаксиева. «Формирование певческих навыков на начальном этапе обучения» // VIII Международная научно-практическая конференция «Менеджмент качества: поиск и решения» в г. Сиэтл (США) 23–25 ноября 2022 г. Materials of the VIII International Scientific-Practical Conference «Quality Management: Search and Solutions». In two volumes. Volume II – Seattle (WA, USA): Regional Academy of Management, 2022 – (518 p.) – С.467-472
  5. Аға оқытушы Г.Б. Джаксиева, Курмангалиева А.Т. «Педагогикалық ұжымда инновацияны енгізудің  теориялық негіздері» // Международная научно-практическая конференция "Внешняя политика независимого Казахстана: история развития и приоритеты» посвященная 60-летию доктора исторических наук, профессора, директора НИИ «Истории, археологии и этнологии Каспийского региона имени Х.Б.Табылдиева» Сапанова Сайпуллы Жумабаевича (12 октября, 2022). – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті КеАҚ баспанасы, 2022. – Б.223-228.
  6. Оқытушы Тарабрина В.М. «Дирижерско-хоровая деятельность будущего учителя музыки» // Publisher.agency (2): Proceedings of the 1st International Scientific Conference “Modern Scientific Method” (October 27-28, 2022). Vienna, Austria, 2022. – 211 p. – P.57-61
  7. Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова. «Теледидар қарасам, жүрегім ауырады» (М.Гайсина туралы) // «Университет газеті», 9 - қазан, 2022. – 5-б.
  8. Аға оқытушы Қ.Кипиев, 3 курс студенті А.Қасанова. «Дирижерлау – орындаушылық өнердің дербес түрі ретінде қалыптасуы» //  «Музыкалық білім беру мен мәдени – тынығу саласын дамытудың үрдістері мен перспективалары» Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары (4-қараша, 2022). – Петропавл: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, 2022. – Б.44-47.
  9. Аға оқытушы Қ.Әбілтаева «Музыканың бастауыш сынып оқушылары емдік-тәрбиелік мәні» //  Манаш Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік  университетінде өткен «Музыкалық білім беру мен мәдени – тынығу саласын дамытудың үрдістері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми – практикалық конференция материалдары (4-қараша, 2022). – Петропавл: М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, 2022. – Б.144-149.
  10. Тұрмағамбетова Б., Алпамысқызы Н. «Қайып Қорабайұлы әндерінің бүгінгі зерттелуі» Н.Алпамысқызымен // X Международная научно-практическая конференция «Инновационный менеджмент и технологии в эпоху глобализации» в г. Манчестер (Великобритания) (4–6 января 2023 г.) 2 часть. (Innovation Management and Technology in the Era of Globalization: Materials of the X International Scientific-Practical Conference. In two volumes.) Volume II – Manchester (UK):) Regional Academy of Management, 2023. – (304 p.) - Р.287-294
  11. Б.Тұрмағамбетова, А.Кітапқали, Г.Қалдыбекова, Айсенова Н. «Музыка» пәнін оқытудағы жаңа инновациялық технологияларды тиімді қолдану тәсілдері // «Интеграция научного сообщества перед глобальными проблемами современности». в г. Кавасаки (Япония) 8–10 февраля 2023 г. Materials of the VIII International Scientific-Practical Conference “Integration of the Scientific Community to the Global Challenges of Our Time”. In two volumes. Volume II – Kawasaki (Japan): Regional Academy of Management, 2023. – (305 p.) – Б.292-299.
  12. Тұрмағамбетова Б. «Алаш маршының тарихынан» // музыкатанушы ғалым Б.Г.Ерзаковичтің туғанына 115 жыл толуына орай «Б.Г.Ерзаковичтің ғылыми мұрасы және қазақтың мәдени құндылықтары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы, 2023. – Б. 76-81.
  13. Әжікен С.С. «Дина Нұрпейісова шығармашылығына тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» //«Интеграция научного сообщества перед глобальными проблемами современности». в г. Кавасаки (Япония) 8–10 февраля 2023 г. Materials of the VIII International Scientific-Practical Conference “Integration of the Scientific Community to the Global Challenges of Our Time”. In two volumes. Volume II – Kawasaki (Japan): Regional Academy of Management, 2023. – (305 p.) – Б.274-280.
  14. Андиров Қ. «Тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру» // «Зейнолла Қабдолов: Әлем және қазақ әдебиеттану мәселелері» (IV Қабдолов оқулары) атты ҚР ҰҒА академигі, Қазақстанның халық жазушысы Зейнолла Қабдоловты еске алуға арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (3-4 ақпан, 2023). - Атырау: Х.Досмұхамедов ат. АУ баспанасы, Б.227-230.
  15. Андиров Қ., П.Нұрболат («Халық аспаптар» мамандығының 2 курс студенті) «Қазақтың фольклорлық музыкасы арқылы жастарға тәрбие беру әдістері» // Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Х.Досмұхамедов мұрасы және қазіргі қазақ қоғамы» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Атырау: Х.Досмұхамедов ат. АУ баспанасы, Б.637-641.
  16. Аға оқытушы Першина Е.П. «О свойствах педали и о роли ее как художественного фактора» // Сборник  материалов VIII Международной научно-практической конференции «Интеграция научного сообщества перед глобальными проблемами современности» (г. Кавасаки, Япония, 8–10 февраля 2023 г. Том 2. – С.285-292.
  17. Суингарина Т.М., Жұмабек Т. («Музыкалық білім» мамандығының 3/3 курс студенті) «Инклюзивті оқыту бойынша музыкалық білім беру мәселелері» // Түркияның Конья қаласында өткен «Еуропа және түрік әлемі: ғылым, техника және технология» атты VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағының ІІ томы, Б.398-402.      
  18. Жамекова К., Шаужанова А. «Ұлттық әншілік өнерді үйретудің әдістемелік негіздері» // «Жастар және ғылым бүгіні мен болашағы» Халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференция материалдар  жинағы  (10-сәуір). -  Атырау: Х.Досмұхамедов ат. АУ баспанасы, Б.115-120.
  19. Аға оқытушылар Е.Першина, Т.Естаев, Р,Ғабдиев кафедра филиалы Махамбет ауданы З.Ещанова атындағы Өнер мектебінде баян, домбыра, фортепиано аспаптары бойынша әдістемелік көмек берді. (13-сәуір)

Ғылыми-шығармашылық жұмыстар:

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова 10-қараша – М.Гайсинаның «Музыка теориясы» оқулығының таныстырылымына арналған Республикалық Дөңгелек үстелді ұйымдастырып, жүргізді (Ғылыми Кеңес залы).

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова Ақтөбе қаласы «Шығармашылық Академиясы» МКҚК қосымша білім беру педагогтары А.А. Жартыбаева және Ә.Ж. Құлбарақованың «Сольфеджио» сабағына арналған оқу бағдарламасына Пікір жазды (қазан).

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» Халықаралық конференциясының 3-секциясына модератор болды. Жетекшілігімен  дайындалған баяндамасы үшін түлек А.Кітапқали 1-орын Дипломға ие болды (13-сәуір).

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түрік әлемінің ұлы композиторы Дина Нұрпейісова» кітабынынң таныстырылымына қатысты (2-мамыр). 

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова Ғылыми мектеп жобасы бойынша жарық көрген 4-курс студенті С.Жұмақұлов құрастырған (жетекшісі Б.Тұрмағамбетова) «Жас домбырашылардың алғашқы репертуары» 1-2 жинақтарының таныстырылым-концертін ұйымдастырып, жүргізді (17-мамыр).

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова аға оқытушы А.Т.Шаужанованың «Дәстүрлі әншілікке оқытудың әдістемелік негіздері» атты оқу-әдістермелік құралының таныстырылым-концертін жүргізді (18-мамыр). 

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова Құрманғазы атындағы ҚҰК «6В02104 – Дәстүрлі музыкалық өнер» (Домбыра) мамандығын бітіруші Б.Садыбеков, Зинор Н., Е.Қазмұхамбетов, Е.Ембергеннің, Ж.Темір (жетіген) 5 түлектің Дипломдық жобасына Пікір жазды. (маусым)

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова филол.ғ.д., профессор Қ.Жүсіптің «Қазақ романсының патшасы» монографиясының таныстырылымында баяндама жасады (1-маусым). 

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова ҚР Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ ұйымдастырған музыкатанушы ғалым Б.Г.Ерзаковичтің туғанына 115 жыл толуына орай «Б.Г.Ерзаковичтің ғылыми мұрасы және қазақтың мәдени құндылықтары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда баяндама оқыдым (12-маусым, онлайн).

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қоғамдық-гуманитарлық және кешендік-эстетикалық пәндер бөлімінің эксперті А.Д.Оспанованың 8-10 сынып оқушыларына арналған «Музыка» элективтік курс бағдарламасына Пікір жазды (маусым).

Ө.ғ.к. Б.Тұрмағамбетова 29-маусымда Қазақ ұлттық Өнер университетінің PhD философия докторы бейіні бойынша доктор дәрежесін беруге арналған диссертациялық кеңестің уақытша құрамының мүшесі болдым (онлайн).

Аға оқытушы Т.М.Суингарина 24 сәуір – 5 мамыр аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында «Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында қазақ тілінде оқытатын орта білім ұйымдарының 5-6 сыныптарының музыка пәні мұғалімдеріне арналған курста дәріс оқыды.