Біз туралы

Кафедра тарихы

10.04.2026 368

Білім беру кеңестігінде өзіндік орны бар Қазақстанның батыс өңіріндегі ең іргелі жоғарғы оқу орны болып табылатын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 6В01703 «Шетел тілі:екі шетел тілі», 6В01705-«Шетел тілдері» ІР, 7М01703 «Шетел тілдері және мәдениетаралық байланыс» білім бағдарламасы бәсекелестікке қабілетті білім берудің халықаралық талаптарына сай білікті мамандар даярлап келе жатыр.

2. 1992 ж. Атырау облысына шетелдік инвесторлардың көптеп келуіне байланысты ағылшын тілі мамандығына сұраныс артты. Сол кездегі университет ректоры Х.Б.Табылдиев, Атырау облыстық білім беру басқармасының басшысы Ж.Б.Өмірбекованың тікелей араласуымен тарих – филология факультетінде ағылшын тілі бөлімі болып ашылып, алғашқы студенттерді қабылдады.

  1. Арнаулы пәндер бойынша оқу үрдісін жүргізу Т.Я.Капаруллина, Н.В.Найденова, А.Ж.Капакова, В.А.Леонова сынды оқытушыларға тапсырылды. Студенттер санының өсуіне байланысты Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем Тілдері университетінен ф.ғ.к. А.С.Елешованы, колледж, аудан, қала мектептерінен тәжірибелі мұғалімдер Н.А.Сурина, В.Н.Турушова, А.И.Леонова, А.Т.Тлеугалиева, З.Р.Отарова, С.Қ.Мұхтарова, Н.Б.Абдрахманова,Г.С.Мустагалиева және мамандықты жақсы бітіріп ғылым жолына түскен оқу орнының түлектері Ж.Ж.Нұржанова, Э.Д.Абдол, А.Т.Теміртасова, Г.А.Туленова сынды мамандар жұмысқа қабылданды.
  2. «Шетел тілін оқыту әдістемесі» кафедрасын 1992-1995 жылдары И.Н.Казачкова, 1995-2010 жылдары доцент А.Ж.Капакова, 2010-2012 жылдары аға оқытушы А.Т.Тлеугалиева, 2012-2013 жылдары п.ғ.к. Ж.Ж.Нұржанова және 2013 жылдан бері п.ғ.к. Э.Д.Абдол басқарып келеді. Кафедрада «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, «А.Байтұрсынов» атындағы төсбелгісі, ҚР «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, ҚР Білім және Ғылым министрінің құрмет грамотасының және «ЖОО үздік оқытушысы -  грантының иегерлері 2017,2018ж.ж. бар. Сонымен қатар, кафедра ғалымдары «500 ғалым» Болашақ бағдарламасымен Ұлыбритания, Лестер университетінде; Германия, Йоханнес Гутенберг атындағы Майнц университетінде тағылымдамадан өтіп келді.
  3. Шетел тілін оқытудың заманауи әдістерін үйреніп, білім жетілдіру мақсатында кафедраның профессор-оқытушылары Малайзия, Англия, Португалия, Франция, Түркия, Германия, Қырғызстан, Ресей мемлекеттерінде ғылыми тағылымдамадан және біліктілік арттыру курстарынан өтті. Университет тарапынан студенттерге шетелде білімін жетілдіруге толық жағдай жасалған. Халықаралық академиялық ұтқырлықпен мамандық студенттері Оңтүстік Корея, АҚШ, Қытай, Франция, Литва, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерінде, сонымен қатар Қазақстанның ең алдыңғы жоғары оқу орындарында білімдерін жетілдіре алады.

 

 

 

Ғылыми жұмыс:

Кафедраның ғылыми бағыты:

 Кафедрада университетішілік конкурс қаржыландырылатын жоба. “Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруда тұрақты даму мақсаттары арқылы ағылшын тілін оқытудың заманауи және цифрлық әдістері”атты ғылыми жобасы. Жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Х. Хайржанова. 

 

Білім беру бағдарламалары (атауы, шифры)

6В01703 «Шетел тілі:екі шетел тілі»

6В01705-«Шетел тілдері» ІР

7М01703 «Шетел тілдері және мәдениетаралық байланыс»