Орхун бағдарламасы

23.07.2026 1

Бұл бөлімде Oрхун академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетке келген шетелдік ғалымдар туралы ақпарат ұсынылған. Мұнда олардың кәсіби қызметі, ғылыми қызығушылықтары және университеттің білім беру мен ғылыми қызметіне қосқан үлесі туралы мәліметтер берілген.

Түркиядан келген құрметті ұстазымыз әрі әріптесіміз Мұстафа Кемаль Гюмюш Orhun Exchange Programme бағдарламасы аясында университетімізге келді. Сапар барысында ол студенттер мен оқытушыларға дәрістер оқып, тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосты. Бұған дейін ол 2018 және 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы аясында университетімізде болған.



2026 жылы Orhun Exchange Programme бағдарламасы аясында университетімізге Түркиядан Сухейла Демиркол және Перизат Ертаева келді. Сапар барысында олар студенттер мен оқытушыларға дәрістер өткізіп, ғылыми және академиялық тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға өз үлестерін қосты.

ҚР ҒЖБМ бағдарламасы