Оқу құралы
Сейталиев Қ. Педагогика тарихы: Оқулық. - Алматы: "Білім" 2012. - 400 бет. ISBN 9965-09-746-1
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.Б.Сейталиевтің оқулығы педагогика ғылымының соңғы жетістіктеріне суйене отырып, тарихқа жаңа кезкарас тұрғысынан типтік оқу бағдарламасына сәйкес жазылған
Оқулық университеттер мен педагогикалық институттардың педагогикалық мамандық алатын студенттеріне, магистранттарына және мектеп мұғалімдеріне арналған.

Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш.М., Джанзакова Ш.И.
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. - Оқулық Иманбаева С.Т., Майгаранова Ш.М., Джанзакова Ш.И. - Алматы. - 2020,- 384 бет.иISBN 978-601-298-913-7
Оқулықта тәрбие теориясы мен әдістемесінің маселелері қарастырылады. Қазіргі әлеуметтік- экономикалық жағдайға лайықты оқушының ғылыми дүниетанымын, айналамен қарым-қатынасын, іс-әрекетін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру арқылы мәдени деңгейін арттырудың теориясы мен әдістемесі беріледі. Оқулық жоғары оқу орнынынң студенттеріне, магистранттар, докторанттарға және білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналады.
ISBN 978-601-08-1045-7
Ж.Н. Сабирова мен Г.К. Шугаеваның «Жетістікке жету психологиясы және көшбасшылық» атты оқу-әдістемелік құралында қарастырылған негізгі тақырыптар жетістікке жету психологиясы мен көшбасшылықтың негізгі ұғымдары, әдістері, қарым-қатынаста өзара іс-қимылдың, әлеуметтік ұйымның психологиялық мәні, көшбасшы сапалары берілген. Оқу-әдістемелік құралы үш бөлімге бөліп қарастыруға болады.
Бұл оқу-әдістемелік құралын студенттер, магистранттар, оқытушылар, көпшілік оқырман қауым пайдалануға болады.

ISBN 978-601-330-004-7
С.К.Нурмукашева «Психологиялық-педагогикалық зертхана кәсіби білімді жетілдірудің құралы» атты оқу-әдістемелік еңбекте Х.Досмұхамедов атындағы университеттің «Психология және арнайы білім беру» кафедрасы жанында 2014-2021 жылдар аралығында «Психология», «Педагогика-психология», «Дефектология» бағыттары бойынша студенттердің кәсіби білімін көтеруде теорияны практикамен байланыстырып, психологиялық-педагогикалық зертхана жүргізген жұмыстардың іс-тәжірибелері туралы ақпараттар мен фото материалдар жинақталған.
Зертхана жұмысының негізгі мақсаты бакалавр бағытында білім алып жатқан студенттердің білім бағдарламаларына сай кәсіби потенциалын көтеру және теориялық білімді практикамен ұштастыру.
Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. — Алматы: “Білім”, 2007. — 360 бет. ISBN 9965-09-472-1
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Қ.Б. Сейталиевтің оқу құралы ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында психологиядан оқыған дәрістерін жинақтау тәжірибесінің негізінде психология ғылымының соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, жаңа типтік оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.
Оқу құралы университеттер мен педагогикалық институттардың педагогикалық мамандықтарының студенттеріне, магистранттарына және мектеп мұғалімдеріне арналған.
«Қарым-қатынас психологиясы және психодиагностика»: оқу-әдістемелік құрал / Н.Е. Симонович, В.С. Тургалиева, С.А. Узакова; Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті - Атырау, 2021. – 157 б.
ISBN 978-620-3-92224-0
Оқу-әдістемелік құралда «Қарым-қатынас психологиясы және психодиагностика» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар қамтылған: курс тақырыптық жоспары, дәріс сабақтарының тезистері, семинар сабақтарының жоспарлары, студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған сабақ жоспарлары, жазбаша жұмыстар тақырыптары, өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмалары және емтихан сұрақтарының тізімі берілген.

Казиев К.О. Рефлексияны дамытудың негіздері. Оқу құралы-Атырау: 2019. 128-бет. Ұсынылып отырған оқу құралында рефлексия ұғымы пәнаралық категория ретінде философия, психология және педагогика ғылымдары тұрғысынан түсіндіріледі. Сонымен қатар рефлексияның типтері мен түрлері, құрылымы мен атқаратын қызметтері, тетіктері, рефлексияның педагогикалық іс-әрекеттегі рөлі және іс-әрекеттің әртүрлі кезеңдеріндегі рефлексияның мақсаты, педагогтың рефлексивтілік біліктіліктері және инновациялық іс-әрекеті, рефлексивтік құзыреттілік, оның құрылымы қарастырылады. Болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамыту диагностикасы мен сабақта студенттің рефлексиясын ұйымдастыру әдістемесі ұсынылады.Оқу құралы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған. ISBN 978-601-262-136-5
Сабыров А.Р. Ұлықты ұстаздан – ұстамды ұрпақ: мақалалар жинағы. / Атырау: Инфосервис баспа орталығы, 2020ж. - 214 бет.ISBN 978-601-7034-11-5Автордың «Ұлықты ұстаздан – ұстамды ұрпақ» атты ғылыми-танымдық, тәлім-тәрбиелік мақалалар жинағында мұғалім мәртебесін қалыптастырудың көкейтесті мәселелері, өмірдегі және ұстаздық еңбектегі жеке тұлғалар келбеті, білім беру жүйесінің бағыт-бағдары және тәлім-тәрбие берудің өзіндік іс-тәжірибесі хақында көзқарастар жинақталған.Білім мен тәрбиені, ұлықты ұстаздық қызметті зерттеу нысаны етіп алған болашақ білікті маманға септігі тиеді деп санаймыз.Көкірегі сергек, көзі қарақты оқырманды бейжай қалдырмас деген сенімдеміз
Сабирова Ж.Н., Панькин А.Б. Суггестивті басқару: оқу құралы. Қарағанды: «Medet Group» ЖШС, - 2021 -144 бет.ISBN 978-601-262-267-6Бұл оқу құралы Жоғары кәсіби білім беру үшін «Федеральды мемлекеттік білім беру стандартына (ФГОС ВПО)» сәйкес 050100 «Педагогикалық білім беру («магистр» дәрежесі) бағытында дайындау және суггестивті басқару технологиясымен таныстыру.Оқу құралы студенттер, магистранттар, аспиранттар мен ізденушілер, психологиялық, педагогикалық менеджмент мәселелерімен айналысушыларға арналған. Жоғары мектеп оқытушыларын білім беру бағдарламасына дайындауда және «Білім берудегі менеджмент» бойынша білімін жетілдіру бағытындағы тыңдаушыларға бағытталған
Сабирова Ж.Н.Жеке тұлғаның дифференциалды психологиясы: Оқу құралы. – Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, 2019. – 125б. ISBN 978-601-262-347-5
«Жеке тұлғаның дифференциалды психологиясы» оқу құралы жоғары оқу орны жүйесінде кредиттік оқыту жағдайында Адамның даралығы ұғымы, оның қалыптасу заңдылықтары және осы құбылыстың адам өмірі үшін маңыздылығы ғылыми тұрғыдан сипатталған. Бұл оқу құралы студенттерге, магистранттарға, оқытушыларға, мұғалімдерге психологиямен салалас ғылымдарды меңгеруде маңызды болмақ.Оқу құралында бағдарламалық материалдың толық дәрісі, бақылау сұрақтары мен практикалық тапсырмалар және өз бетімен орындауға арналған психологиялық жаттығулар мен пайдаланылатын әдебиеттер тізімі берілген.
Нұрмұқашева С.Қ., Шұғаева Г.Қ. Жеке тұлға психодиагностикасы. Практикалық материалдар. Оқу-әдістемелік құрал. - Атырау, 2020, 132б.ISBN 978-601-262-360-4
Жоғары оқу орындарының «Педагогика және психология», «Психология» мамандығының студенттеріне арналған. «Практикалық психология және жалпы психология» курсы бойынша қажетті материалдар жинақталған.Оқу-әдістемелік құрал төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі психодиагностикадағы әдіс-тәсілдер, екінші -«Мінез», үшінші - «Қарым-қатынас» және төртінші бөлім - «Басқару психологиясы».Болашақ психологтар психологияның маңызды мәселелердің мазмұнына сай тесттердің түрлерімен танысып, берілген тесттер жинағын практикада және іс-тәжірибеде пайдалана алып, өзгені де, өзінің де жеке тұлғаға тән психикалық ерекшеліктерді, жеке тұлғаның қоғамдық-әлеуметтік ортада қарым-қатынастарын және т.б. мәселелерді анықтауға болады.
Казиев К.О.Болашақ педагог-психологтардың рефлексиясын дамытудың теориясы мен әдістемесі: монография / К.Казиев – Атырау: Атырау университеті, 2021.–171 б.Монография болашақ педагог-психолог мамандарына, ЖОО-ның оқытушыларына, сондай-ақ, мектеп пен колледж педагог-психологтарына арналған. Онда рефлексияны дамытудың теориясы мен әдістемесі, рефлексивтік құзыреттілікті қалыптастыру жұмыстарының психологиялық, педагогикалық ерекшеліктері, құрылымы мен қызметтері және педагог-психологтардың кәсіби рефлексиясын дамыту жұмыстарының әдістемелік ерекшеліктері жан-жақты қарастырылған. Бұған қоса іс-әрекеттің әртүрлі кезеңдеріндегі рефлексияның мақсаты, педагогтың рефлексивтілік біліктіліктері және инновациялық іс-әрекеті, рефлексияның типтері мен түрлері, құрылымы мен атқаратын қызметтері, сабақта студенттің рефлексиясын ұйымдастыру әдістемесі берілген. ISBN 978-601-262-142-6

Шалғынбаева Қ.Қ., Казиев К.О. Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. Оқу құралы. – 138 б.
Оқу құралында ғылым әлеуметтік-мәдени құбылыс және әлеуметтік институт ретінде қарастырылып, заманауи өркениет мәдениетіндегі ғылымның философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы тәсілдемелерден, ғылыми-педагогикалық таным әдіснамасынан, педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістемесі, зерттеуші педагогтің әдіснамалық мәдениеті туралы ғылыми-теориялық және тұжырымдамалық, ғылыми-тәжірибелік білімдерді жүйелеп, сипаттайды. Оқу құралы педагогикалық мамандықтар бойынша білім алушы 1-курс докторанттарына арналған, себебі «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» курсы докторанттардың біртұтас әдіснамалық білім алуына бағытталған.
Сабыров А.Р.Тұлға: тану һәм таныту: мақалалар жинағы./ А.Р.Сабыров. – Атырау баспасы, 2024. – 254 бет.ISBN 978-601-7034-11-5Дүние жүзіне аты мәшһүр педагог-ғалым Ян Амос Коменский «Балалар білуден гөрі еліктеуді ерте игереді»,-деп көрсеткен екен. Өзіне өнеге тұтар ұлттық тұлғаларымызға еліктеп өссе, қадір-қасиетін бойтұмардай ұстанса, бүгінгі дүрбелең тіршілікте ұтпаса, ұтылмасы хақ! Қоғамдағы айжарқын істерімізді, жеңісті жетістіктерімізді, дарабоз тұлғаларымызды өскелең ұрпаққа үлгі етуіміз керек!Ғылыми-танымдық, тәлім-тәрбиелік жинақ тұлғатанушы оқырмандарға арналған
К.О.Казиев «Рефлексивті күнделік»
(Студентке арналған нұсқаулық)
Бұл нұсқаулық студенттердің рефлексиялық дағдыларын дамытуға арналған күнделік түріндегі нұсқаулық. Оқу процесін талдау, өзін-өзі бағалау және жеке даму динамикасын бақылауға көмектеседі. Авторлық куәлік № 21028 2021 жылғы «19» қазан
«Психологиялық тренингтер топтамасы»
(Автор: Қазиев Қарас Оржанович)
Бұл кітапша психологиялық тренингтерді ұйымдастыру мен өткізуге арналған әдістемелік құрал. Онда топтық жұмыс, тұлғалық даму, қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар мен тренингтер жинақталған. ISBN 978-601-7034-11-5
Мугауина Г.О., Қойшығұлова Л.Е., Жұмабаева К.С. «Студенттердің эстетикалық тәрбиесін ұлттық құндылықтар арқылы қалыптастыру (ұлттық ою-өрнектер негізінде)»
Оқу құралында қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибе жетістіктерімен қатар ұлттық рух пен жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып дамытуға жағдай жасау қажеттігі айтылған. Сонымен қатар, мәдени инфрақұрылым кеңейтіліп, тарихи құндылықтарды насихаттау мен оларды жас ұрпаққа таныстыру, бағдарламаның жұмыс нәтижесі ретінде айқындалған.