Ғылыми жұмысы

04.03.2026 23

Ғылыми қызмет

Кафедра оқытушылары:

  • ҚР Ғылым және технологиялар министрлігінің гранттарына,
  • ішкі университеттік жобаларға,
  • ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру бағдарламаларына қатысады.

Студенттер жыл сайын олимпиада, конкурс, конференцияларда жүлделі орындарға ие болуда.

Ұлттық ғылыми жобаларға қатысу

Кафедра республикалық деңгейдегі ауқымды бастамаларға белсенді атсалысуда.
Маңызды жобалардың бірі:

BR28713197
«Каспий аймағының тұрақты инновациялар орталығы: өңірдің экологиялық болашағына бағытталған баламалы шешімдерді ғылыми-академиялық ілгерілету»
(2025–2027 жж., бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру)

Жоба жетекшісі:

  • б.ғ.д., профессор С.З. Сагындыкова

Кафедра атынан орындаушылар:

  • PhD, қауымд. профессор А.К. Нургалиева
  • магистр, аға оқытушы Г.Г. Жұматова
  • магистр, аға оқытушы Н.Т. Замзамова

Бұл жоба Каспий аймағы экологиясы мен биоалуантүрлілігін зерттеуде жаңа ғылыми шешімдер ұсынып, кафедраның ғылыми әлеуетін нығайтуға үлкен үлес қосуда.

Оқу-әдістемелік жұмыс

Кафедра оқытушылары:

  • оқулықтар,
  • оқу құралдары,
  • монографиялар,
  • әдістемелік нұсқаулықтар шығарады.

Тәрбие жұмысы

Кафедрада тұрақты өткізіледі:

  • интеллектуалды ойындар,
  • ғылыми және шығармашылық байқаулар,
  • студенттерге арналған мерекелік іс-шаралар,
  • экологиялық және өлкетану акциялары.

Бұл шаралар студенттердің жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Материалдық-техникалық база

Кафедраның қарамағында:

  • Атырау бекіре балық өсіру зауыты филиалы
  • №34 көп салалы орта мектеп Биологияны оқыту әдістемесі пәнінің филиалы

 
Білім беру бағдарламалары (атымен-шифр)

Бакалавриат

  • 6В01505-Биология пәні  мұғалімі
  • 6В015110-Биология (IP)
  • 6В05101-Биология
  • 6В08401-Балық шаруашылығы және ихтиология

Магистратура

  • 7М01505-Білім берудегі биология
  • 7М05101-Биология микробиология негіздерімен
Оқу құралы (Суреті , оқу құралы туралы қысқаша мәлімет)
  • Кафедраның оқу-әдістемелік құралдары