Артқа
Билялова Жұпар Тәренқызы
педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Өмірбаян
БИЛЯЛОВА ЖҰПАР ТӘРЕНҚЫЗЫ
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), профессор.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры.
Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі – 47 жыл.
Білімі
1974–1978 жж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, физика-математика факультеті.
Мамандығы: Математика.
Біліктілігі: математика пәнінің мұғалімі.
Ғылыми дәрежесі
2001 ж. – педагогика ғылымдарының кандидаты.
Диссертация тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда оқу есептерін пайдалану әдістемесі».
Мамандығы: 13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика).
Қорғаған орны: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы.
Ғылыми атағы
2019 ж. – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.
Қызметтік жолы
1978–2010 жж. – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы, оқытушы, аға оқытушы.
2001–2004 жж. – педагогика, психология және өнер факультеті деканының орынбасары.
2004–2006 жж. – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі.
2011 жылдан бастап – «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында профессор.
Ғылыми бағыты
Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі;
оқу есептерін пайдаланудың теориясы мен әдістемесі;
оқушылардың логикалық ойлауын дамыту технологиялары;
математиканы оқыту әдістемесі саласының өзекті ғылыми мәселелерін зерттеу.
Соңғы екі онжылдықта математиканы оқыту әдістемесінің теориялық және практикалық мәселелерін жүйелі түрде зерттеп келеді. Ғылыми еңбектері оқу үдерісін жетілдіру, есептер жүйесін ғылыми негізде құрастыру, математикалық ұғымдарды қалыптастыру және бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамыту мәселелеріне бағытталған.
H индекс (Хирш индексі): 2 (Scopus).
ORCID iD: https://orcid.org/0000-0002-3362-8086
100-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Халықаралық және республикалық ғылыми басылымдарда жарияланған мақалалары бар. 1 монографияның және бірнеше оқу-әдістемелік құралдың авторы. Магистрлік диссертацияларға ғылыми жетекшілік етеді.
Қоғамдық-академиялық қызметі
Факультет кеңесінің мүшесі.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі.
Докторлық диссертацияларды қорғау кеңестерінің жұмысына сарапшы және ресми оппонент ретінде қатысқан.
Марапаттары
– «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2009);
– «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы (2018);
– ҚР Ұлттық тестілеу орталығының Құрмет грамотасы (2012);
– Атырау қаласы әкімінің және облыстық мәслихаттың Алғыс хаттары (2008, 2013);
– Х.Досмұхамедов атындағы университеттің «Алтын медалі» (2025).