Кафедра тарихы

13.03.2026 116

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП КАФЕДРАСЫ

 

КАФЕДРА ТАРИХЫ

«Қаржы және есеп» кафедрасы «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ «Экономика және құқық» факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Кафедраның миссиясы университеттің миссиясымен үйлесімді: инновациялық оқытудың, экологиялық мәдениеттің озық тәжірибесін құру тұрғысынан елімізде көшбасшы орынға ие бола алатын зерттеулер мен білім беру саласында Атырау облысының зияткерлік капиталын қалыптастыру.

«Қаржы және несие» кафедрасы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректорының бұйрығы негізінде 1999 жылдың 1 қыркүйегінде құрылып «Қаржы және несие» мамандығына алғашқы студенттер қабылданды. 2001 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының ашылуына байланысты кафедраның атауы «Қаржы, несие және бухгалтерлік есеп» болып өзгертіліп, бүгінде «Қаржы және есеп» кафедрасы деп аталады. 2020 жылдан бастап кафедра 7М04104 Бухгалтерлік есеп, аудит және контроллинг, 7М04105 Қаржылық экономика, 7М04114 Есеп, аудит және контроллинг, 7М04115 Қаржылық экономика білім бағдарламалары бойынша магистранттарды дайындай бастады.

Кафедра меңгерушісі лауазымында э.ғ.к. Сулейменова Г.Н. (1999-2006 ж.ж.), э.ғ.к. Мусаева А.А. (2006-2009, 2012-2015 ж.ж.), э.ғ.к. Утепкалиева К.М. (2009-2012 ж.ж.), э.ғ.к. Адиетова Э.М. (2016-2019 ж.ж.), PhD Кенжегалиева З.Ж. (2015-2016 ж.ж., 2019 ж. бүгінгі күнге дейін) кафедра жұмысына жетекшілік еткен. Сонымен қатар кафедраның қалыптасуы мен дамуында едәуір үлес қосқан профессор-оқытушылар: Слободян В.В., Хамидуллина Ж.Б., Дарискалиева М.С., э.ғ.к. Мусаева А.А., э.ғ.к. Габдуллин Н.И., э.ғ.к. Биктеубаева А.С., Альдешова С.Б., Пұсырманова А.Б., Идельбаева А.С., Ескалиева А.Ж., PhD Иғалиева Л.Н., PhD Саналиева Л.Н., PhD Серикова М.А., э.ғ.к. Ракаева А.Н., Канатова А.Ж., Жубанова С.Б., Нуржанова А.Ш. Олар кафедраның оқу-педагогикалық, ғылыми-зерттеу қызметтерінде өлшеусіз қызмет етіп, өз үлестерін қосты.

Қалыптасқан кезеңінен бастап кафедра Батыс аймақтың қаржы-банктік жүйесі үшін жоғары білікті кәсіби мамандарды дайындау мен тәрбиелеуде едәуір үлес қосып келеді, соның ішінде кафедра түлектері – экономист-ғалымдар, өндірістің ірі ұйымдарының, сонымен қатар банктік, сақтандыру мекемелерінің жетекшілері.

Қазіргі таңда кафедраның бакалавриат және магистратура білімалушыларына сабақ беретін профессор-оқытушы штат саны 8 адамды құрайды, оның ішінде 2 экономика ғылымдарының кандидаты, 4 экономика бағыты бойынша PhD, 2 экономика ғылымдарының магистры, кафедраның ғылыми әлеуеті 75% құрайды.