Кафедра тарихы

04.03.2026 149

Биология және балық шаруашылығы кафедрасы туралы

Биология және балық шаруашылығы кафедрасы өз бастауын 1964 жылы биологиялық бағыттың ашылуынан алады. Көптеген жылдар бойы кафедра қалыптасып, кеңейіп, біріктіріліп, ғылыми-педагогикалық бағыттарын дамыта отырып, бүгінгі күні биология және балық шаруашылығы салаларында жоғары білікті мамандар даярлайтын жетекші құрылымға айналды.

Кафедраның тарихи қалыптасуы

Биологиялық бағыттың құрылуы (1963–1980 жж.)

1963 жылы Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультеті жанынан «Биология негіздері және ауыл шаруашылығы» кафедрасы ашылды. Бұл толыққанды биологиялық факультетті қалыптастырудағы алғашқы қадам болды.

1964 жылы институтта «Биология және химия» мамандығы бойынша студенттер қабылдана бастады. Бірінші биология кафедрасын аға оқытушы- Р.К. Кабулов басқарды. Әр жылдары кафедрада В.И. Крутько, М.Ш. Шакиров, Р.Х. Кожасова, А.Д. Досымбаев сынды ұстаздар қызмет етті.

1965–1967 жылдары жас мамандар К.А.Ажигалиев, Р.К.Каражигитова, Т.К.Кенжегалиева, сондай-ақ білікті биологтар И.А.Мельничук, И.А.Завьялова, С. Хамидуллин, Г. Абильтаев сынды ғалымдар ұжым қатарына қосылды.

1967–1968 жылдары биология факультеті құрылымдалып, үш жеке кафедраға бөлінді:

  • Зоология
  • Ботаника
  • Химия

Осы кезеңде кейін кафедраның жетекші ғалымдарына айналған А.К.Дарибаев, М.Ж. Алдабергенова, К.К.Камматов, Н.К. Алдабергенов, Ж.С.Садыков, Б.Казиева, Б.Г.Гапуова, Д.Н. Байбулатова қызметке келді.

Зоология» кафедрасын басқарғандар:

  • А.К. Дарибаев – б.ғ.к. (1967–1973)
  • Ж.С. Садыков – б.ғ.к. (1973–1976)
  • Н.К. Алдабергенов – б.ғ.к. (1976–1982; 1984–1993)
  • Б.Г. Гапуов – аға оқытушы(1982–1983)
  • С.Х. Хамиев – в.ғ.д., профессор (1993–1997)
  • М.Ж. Алдабергенова – б.ғ.к. (1997–2005)

Жаңа кафедралардың ашылуы және бірігуі (1980–2005 жж.)

1980-жылдары «Жалпы биология және биологияны оқыту әдістемесі» кафедрасы құрылып, 1997 жылға дейін жұмыс істеді.

1997 жылы «Зоология» және «Жалпы биология» кафедралары біріктіріліп, «Зоология, биология және экология» кафедрасы болып қайта құрылды.

2005 жылы оның құрамынан «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы бөлініп шықты.

Қайта атаулар мен құрылымдық өзгерістер (2005–2023 жж.)

  • 2005–2010 жж. – «Зоология және жалпы биология» кафедрасы
    меңгерушісі: б.ғ.к., қауымдастырылған профессор У.К. Бисенов.
  • 2010 ж. – «Зоология» және «Ботаника» кафедралары базасында «Ауыл шаруашылығы» мамандығы ашылып, бөлімше «Биология кафедрасы» болып атала бастады. Кафедра меңгерушілері:
    • а.ш.-ғ.к.  Х. Қуспанғалиева (2010–2013),
    • б.ғ.к.  Г. Аталихова (2013–2014).
  • 2014 ж. – Химия кафедрасымен бірігіп, «Химия және биология» кафедрасы құрылды меңгерушісі м.а. б.ғ.к. Д.Калиманова болды.
  • 2015 ж. – «Биология және ауыл шаруашылығы пәндері» кафедрасы болып қайта құрылды.
    Кафедра меңгерушілері:
    • М. Махамбетов (2015),
    • У.К. Бисенов (2016),
    • С. Маден (2016),
    • Э. Габдуллин (2017),
    • Н. Замзамова (2019),
    • Г. Аталихова (2020),
    • Г. Жұматова (2020–2025).
  • 2023 ж. қарашадан бастап  – «Биология және балық шаруашылығы» кафедра атауын алды.
  • 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі – PhD доктор, қауымдастырылған профессор Нургалиева Айман Калидуллаевна

Қазіргі ғылыми-педагогикалық құрамы

Ғылым докторлары

  • б.ғ.д., профессор С.З. Сагындыкова
  • а.ш.ғ.к., профессор Д.А. С.Ирзагалиев

PhD докторлар

  • PhD доктор А.К. Нургалиева
  • PhD доктор Ш.Ж. Тапешова

Ғылым кандидаттары

  • б.ғ.к. У.К. Бисенов
  • а.ш.-ғ.к. Х. Қуспанғалиева
  • б.ғ.к. Г.А. Сапарова
  • б.ғ.к.  Г.Б. Аталихова

Аға оқытушылар

Маден С.С.,

Жұматова Г.Г.,

Бержанова М.И.,

Сақпарова А.К.,

Қопашева А.А.,

Замзамова Н.Т.

Оқытушылар

Сатибек А.К.,

Гарифуллина А.Р.

Қосалқы қызметкерлер

Избасарова Р.Ш.,

Сарсенғазиева А.С.,

Мұхатджиев Б.Ж.

Жолдыгалиева С.Н.

Кафедра лаборанттары (әр жылдары)

  • М.А. Чапурина (1965–1993)
  • Ж. Бектенғалиева (1965–1993)
  • К. Испусинова (1970–1990),
  • К.А. Бажекенова (1979 жылдан)
  • А.К. Сақпарова (1988 жылдан)
  • Г.Н. Қарабауова (2004 жылдан)
  • М. Тәжғалиева (2023 жылдан)
  • Л.Б. Төлегенова (2025 жылдан).