Біз туралы

Кафедра тарихы

17.04.2026 190

 Химия және химиялық технология кафедрасы

1967 жылы химия кафедрасы өз алдына жеке кұрылып, кафедраның алғашқы меңгерушісі болып Шакиров Мүсілім жұмыс жасады. Ол - Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі.

М.Шакиров кафедра меңгерушісі болып жұмыс жасаган кездегі окытушылар кұрамы: Т.К. Кенжегалиева -Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институтының түлегі Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі Н.Д. Доскараева - Қарағанды мемлекеттікк пе­дагогика институтын бітірген, Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері; Р.К. Қаражігітова - химия ғылымының кандидаты, доцент.

1970-1975 жылдар аралығында химия кафедрасының меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты К.Х. Токмурзин болды, кейін К.Х. Токмурзин - Қазақстан ¥лттык Ғылым Академиясының корреспондент – мүшесі, химия ғылымдарының докторы, профессор.

К.Х. Токмурзин кафедра меңгерушісі болып тұрған кезде жоғарыда аталған окытушылармен катар бірге жұмыс жасаған оқытушылар: Н.К. Ким - Қызылорда педагогикалык институтын бітірген. Қазақ КСР халыкка білім беру ісінің үздігі, Еңбек ардагері Козырев В.В. - химия ғылымдарының кандидаты, доцент.

1975-1976 жылдары химия кафедрасының меңгерушісі қызметін аткарушы болып Ж.Жангабылов жұмыс істеді.

1976-1978 жылдарда кафедра меңгерушісі болып химия ғылымдарының кандидаты, до­цент Ж. Курмангазиева жалғастырса, 1978-1989 жылдары кафедра меңгерушісі болып химия гылымдарының кандидаты, доцент Х.А. Зайнуллин жасады.

1989-1993 жылдары химия кафедрасының меңгерушісі М.И.Дуйсенов болды. Осы жылдары кафедраның окытушы-профессор кұрамы тағы жас маманға толықты. Олар С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің түлектері Р.Б. Хамидуллина, С.А. Досжанова.

1993 - 1994 жылдары химия кафедрасының меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты, профессор Х.А. Куанышқалиев болды. Осы жылдары кафедра құрамына химия ғылымдарының кандидаты Д.С. Ермеков қосылды.

Мұғалімдер күнін мерекелеу.

 

1994 – 1995 жылдары химия кафедрасының меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты, доцент Д.С. Ермеков болды.

1995 жылдан бастап, химия кафедрасының меңгерушісі болып Гурьев педагогика институтыньң 1989 жылғы үздік бітірген түлегі химия ғылымдарының кандидаты, доцент Әжіғалиев Марат Насимуллаұлы тағайындалды.

 

Ботаника, география және химия кафедраларының ұжымы

 

 

Химия кафедрасының кезекті отырысы, 2007 жыл

 

Химия кафедрасы құрамы, 2007 жыл

 

Химия  (жаратылыстану ғылымдары бағыты) мамандығы бойынша магистратура 2003 жылы ашылды. Қазіргі таңда 7М05301 – Химиялық талдау және мұнай – химиялық синтезі білім бағдарламасы бойынша кафедра оқытушылары х.ғ.д., профессор Талтенов А.А., х.ғ.д., профессор Шамбилова Г.К., PhD Айбульдинов Е.К., х.ғ.д., профессор Насиров Р., х.ғ.к. қауымдастырылған профессор Тулемисова Г.Б., х.ғ.к., қауымд.профессор Сатенов Қ.Г.,  х.ғ.к. қауымдастырылған профессор Калауова А.С., б.ғ.к. қауымдастырылған профессор Калиманова Д.Ж., PhD, қауымдастырылған профессор Кадашева Ж.К. дәріс оқиды. 

2013 - 2015 жылдар аралығында химия кафедрасының меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты Калиманова Данагүл Жасқайратқызы кафедра жұмыстарына ат салысты.

2015 - 2017 жылдары  химия және экология кафедрасының меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты Амангосова Ардак Ганибаевна сайланды.

2017 жылдың наурызынан 2017 жылдың тамызына дейін кафедра меңгерушісі жаратылыстану ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Абишева Фарида Найденовна болды.

2017 - 2019 жылдары химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі болып техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Буканова Айгүл Сокеевна тағайындалды. Сол кезде кафедра Химия және биология пәні мұғалімі, Көмірсутектердің химиялық технологиясы мамандықтарымен толықты.

Химия және химиялық технология кафедрасының ұжымы, 2018 жыл

 

2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2021 жылдың сәуір айына дейін химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі болып, химия ғылымдарының кандидаты Сатенов Құрмет Гизатуллаевич тағайындалды.

2021 жылдың сәуір айынан бастап 2022 жылдың тамыз айына дейін кафедра меңгерушісі жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы Галимова Назым Жаксыбаевна болды.

2022 жылының қыркүйек айынан бастап қазіргі кезге дейін Химия және химиялық технология кафедрасының меңгерушісі қызметін PhD, қауымдастырылған профессор Кадашева Жанар Кадырбаевна атқаруда. Сол жылы а-ш.ғ.д, қауымдастырылған профессор Б. Мұхамбетовтың жетекшілігіндегі «Топырақ, өсімдіктер және су экологиясы» ғылыми мектебі, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Г.Б. Тулемисованың жетекшілігіндегі «Химиялық токсикология» ғылыми мектебінің орнына ашылды, құрамында жас оқытушылар, студенттер мен магистранттар. «Химиялық токсикология» ғылыми мектебі өзінің жұмысын өткізіп отырды, 4 курс және 3 курс студенттері сабақтан тыс уақыттарында келіп, Жайық суын және Атырау облысы топырақтарын, АМӨЗ қалдықтарын талдау жүргізу әдістерін меңгерді.

2021 ж университетке сатып алынған жаңа жоғары тиімді сұйықтық хроматограф пен газды хромтографтарды іске қосу жұмыстары жүргізілді. Қондығыларда жұмыс жасау әдістерін 3, 4 курс студенттері мен жас оқытушылар меңгерді.

«Топырақ, өсімдіктер және су экологиясы» ғылыми мектептің бағыты: топырақ, өсімдіктер және су экологиясы. Мақсаты: Қазақстанның табиғи жүйелерінің экологиялық жай-күйін бағалау бойынша зерттеулер жүргізу, сондай-ақ өңірдегі қоршаған ортаға мониторинг жүргізу. Миссиясы: студенттер мен магистранттарды өңірдің экологиялық проблемаларын зерделеуге, проблемалардың шешімдерін іздеуге, сондай-ақ жаңа әдістер мен аспаптарды меңгеруге бағыттау.

7М01506 – Химия білім беру бағдарламасы 2022 жылдан бастап ашылды. 2023 жылдан бастап алғашқы қабылдау, түлектерге білім магистрі дәрежесі беріледі. 2025 ж түлектері: Алешова Айдана Абайқызы (грант), Медетова Ажар Болатқызы (ақылы), Мендигалиева Айнур Куанышевна (грант), Сембай Оралсын Сембайқызы (ақылы).

6В05301 – Химиялық талдау және сараптама ББ түлектері, 2023 жыл

 

2023 жылдың 25 мамыр айында 7М05301 – «Химиялық талдау және мүнайхимиялық синтез» магистратура білім беру бағдарламасы бойынша Түркия Karabuk University қос диплом келісім шартына қол қойылды.

Химия және химиялық технологиялар кафедрасында эдвайзерлер Каршагулова А.Т., Калиманова Д.Ж., Дузбаева Н.А., Султангереева Т., Мадиева Л.К., Қуанышбек И.Қ., Латипова Д.Е., Жумабекова А.Н. болды. Қазіргі таңда эдвайзер магистр, оқытушы Табылдиева М.И.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы жоғары педагогикалық біліктілікке, тәжірибелік, оңтайлы әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына ие. 

Қазіргі таңда, кафедраның профессор оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу және педагогикалық бағытта жұмыс жасауда.

Ғылыми-зерттеу бойынша: мысалы, Тулемисова Гүлжамал Багитқызы Ресей Жаратылыстану Ғылымдары Академиясының Мүшесі, профессор, Атырау облысының «Экология» Департаментінің сараптама комиссиясының Сарапшысы, университеттің сараптама комиссиясының мүшесі. 50 ғылыми еңбектің және 3 оқу құралының авторы. ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін РАЕ-2016 жылы В.И. Вернадс медальмен марапатталды, «РАЕ-2017 ж. ғылым және техникасының еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие.

Х.ғ.д., профессор Г.К. Шамбилова  Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі, Ресейлік іргелі зерттеулер қоры және тағы басқада ғылыми-зерттеу гранттық жобаларға белсенді қатысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының грамотасымен және Білім және ғылым министрлігінің төс белгісі, «Мұнай-газ-химия саласының еңбек ардагері», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Х.ғ.д., профессор Р.Н. Насиров  Д.В. Сокольский атындағы «Органикалық катализ және электрохимия институты» АҚ жанында Д 53.19.01 диссертациялық кеңестің мүшесі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 789 бұйрығы бойынша ҚР БҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша Насиров Қытай Халық Республикасымен екінші халықаралық грантты жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы №575 бұйрығымен «Химия және материалтану» мамандығы бойынша ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері.

«Жылдың үздік әдіскері» (Алматы)  республикалық байқауына қатысып, «Инновациялық әдіскер» номинациясы бойынша Құрмет грамотасымен марапатталды.

Педагогикалық бағыт бойынша кафедрамыздың доценті, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері, А.Д. Калимукашева «Қазақстан химияны оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш қорғаған ғалым И.Нұғмановпен болашақ химия пәні  мұғалімдерінде зерттеу біліктілікті қалыптастыру тақырыбы бойынша жұмыс жасап, студенттерге оқулық жазды. П.ғ.д., Шоқыбаевпен бірлесе отырып, жұмыс жасап, «Тәжірибелік есептерді шығарудың тиімді әдістері» атты мектептерде мұғалімдер қолдануда.

Доцент Қалимұқашева А.Д., б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Калиманова Д.Ж. авторлығымен «Орта мектепте химия пәнінен тәжірибелік есептер шығарудың тиімді әдістері» атты оқу-әдістемелік құрал Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті баспасынан 2025 жылы 143 бет көлемінде жарық көрді. Баспаға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған (№6 хаттама, 26 наурыз 2025 ж.). ISBN 978-601-262-594-3.

Айбульдинов Е.К. химиялық технологиялар, көмірсутек шикізатын қайта өңдеу, Органикалық синтез, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу, экология саласындағы ғылыми қызметпен табысты айналысады, Thomson Reuters, Scopus дерекқорына кіретін халықаралық рейтингтік басылымдарда 50-ден астам ғылыми еңбектері, халықаралық конгрестерде, симпозиумдарда, конференцияларда (Германия, Италия, Франция, Голландия, Бельгия, Түркия, Ресей және т.б.) тезистер мен баяндамалар жарияланды, Қазақстан Республикасының өнертабысқа 2 патентінің және 5 авторлық куәліктің авторы.

А-ш.ғ.д, қауымдастырылған профессор Мухамбетов Б. шығарған сорттары сортаң және тұзды жерлерде экологиялық сынақтан (Атырау, Батыс Қазақстан, Шымкент, Қызылорда облыстарында) өтті, өндірісте пайдалана бастады. «Топырақтың су режимі және өсімдіктердің суару нормасын анықтау» Оқу – әдістемелік құрал, Атырау, 2019 ж. I дәрежелі «ЕҢБЕК ДАҢҚЫ» белгісімен (2011 ж).

Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен (2015 ж), ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2022 ж.) марапатталған.

«Қазақстанның шөлейт және шөлді аймақтарында толыққанды жемшөп пен көп компонентті жайылымдық алқаптарды өндіру бойынша шабындық-жайылымдық конвейер құрудың ресурс үнемдеуші технологиясын әзірлеу» атты ғылыми жобаны жетекшілік етіп, қаржыландыру көзі: ҚР АШМ Гранты.

BR21881871 «Қазақстанның мал азықтық алқаптарында тұрақты басқару контекстінде жемшөп дайындау технологиялары мен тәсілдерін жасақтау» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатырған «Батыс Қазақстан шөлейт және шөлді аймақтарында мал шаруашылығын дамыту үшін аридтік климат жағдайларына төзімді жемшөп дақылдарының бейімделген түрлерін өсіру технологиясын әзірлеу» атты ғылыми жобаны атқаруда, қаржыландыру көзі: ҚР ҒжЖБМ Гранты.

Г.К. Шамбилова, химия ғылымдарының докторы, профессор, 1985 жылдан бастап полимер ерітінділері мен қоспаларының реологиясы; эксперименттік реология; полимерлердің физикалық химиясы салаларында ғылыми зерттеулермен айналысып келеді.

Фундаменталдық және қолданбалы зерттеулер бағдарламалары бойынша ғылыми гранттардың орындаушысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (2009–2011 жж.), Ресейдің іргелі зерттеулер қоры (РФФИ) (РҒА Мұнайхимиялық синтез институтының реология зертханасы, Мәскеу қ., 2003–2005 жж.), Атырау мұнай өңдеу зауытымен шаруашылық келісімшарт негізіндегі жұмыстар (2001 ж.), Атырау облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (2016 ж.).

2018–2020 жылдары ҚР БҒМ ҒФ жобасы бойынша «Нанокомпозициялық полимер материалдарының реологиялық қасиеттерінің іргелі заңдылықтары» тақырыбындағы ғылыми жобаны басқарды. Қазіргі уақытта 2025–2027 жылдарға арналған BR28713197 «Каспий тұрақты инновациялар орталығы: өңірдің экологиялық тұрғыдан неғұрлым тұрақты болашағына көшуі үшін баламалы шешімдерді ғылыми-академиялық ілгерілету» атты ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) жобасына жетекшілік етеді. AP26100713 Экологиялық және инфрақұрылымдық мәселелерді шешу үшін қайталама полимерлер мен лигнинді пайдалана отырып, тұрақты асфальтбетон жабындарын жасаудың іргелі негіздері (2025-2027 жж.) тақырыбындағы ғылыми жобаны басқарады.

4 монографияның, 5 оқу құралының авторы, 200-ден астам ғылыми жарияланымдары бар, оның ішінде Web of Science және Scopus базаларына кіретін журналдарда 24 мақала және 7 патенті бар. 2019 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері.

Ресей, Канада, Польша, Қытай және Қазақстан жоғары оқу орындарында біліктілікті арттыру курстары мен ғылыми тағылымдамалардан өткен. 2005 жылдан бастап Г.В. Виноградов атындағы Реология қоғамының мүшесі.

Сәуір 2023 жылы х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Калауова А.С. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен, сондай-ақ 2024 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тарапынан «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.

Б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Калиманова Д.Ж. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «ҚР білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлесі үшін» Алғысымен марапатталған (11 сәуір 2025 ж.). 2025 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті базасында өткен ҒЗЖ байқауында 7М01506 – Химия (магистратура) білім беру бағдарламасының магистранты Алешова А.А. б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Калиманова Д.Ж.-ның жетекшілігімен III орын алды. Калиманова Д.Ж. авторлығымен «Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің гидрохимиялық және геохимиялық жүйесі: құрылымы, жағдайы және өзгерісі» атты монография Атырау: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті баспасынан 2025 жылы 132 бет көлемінде жарық көрді. Баспаға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Ғылыми кеңесі ұсынған (№9 хаттама, 19 маусым 2025 ж.). ISBN 978-601-262-611-7.

PhD, қауымдастырылған профессор Кадашева Ж.К. ғылыми жобаларға қатысуы:

1) Қазақстан күріш суару жүйелерінде су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру (2018-2020 жж.)

2) 5 шара. Қазақстан Республикасының суармалы агроландшафттарының топырақ әлеуетін басқару бойынша энергиялық тиімді болатын мелиоративтік технологияларын жасау және оңтайландыру «Суаруға жаңа жерлерді енгізу, қолданыстағы суару жүйелерін қайта құру және жаңғырту барысындағы суару технологиялары және техникалық құралдары» бағдарламасы (2021 – 2023 жж.).

3) "Қазақстанның шөлейт және шөлді аймақтарында толыққанды жемшөп пен көп компонентті жайылымдық алқаптарды өндіру бойынша шабындық-жайылымдық конвейер құрудың ресурс үнемдеуші технологиясын әзірлеу" іс-шарасы бойынша жайылымдарды қалпына келтірудің және

Алғашқы рет жоғары білім қызметкерлері күнін мерекелеу, 2024 жыл

 

PhD Кадашева Ж.К. ғылыми жетекшілігімен Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің Директорлар Кеңесінің бастамасымен 2025 жылдың 8 сәуірінде «Бастама. Студенттік зерттеулердің тұсаукесері» атты университетішілік студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында жүлделі орын алғаны үшін Мухамедина А., Камидуллина Д. 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Бастама. Студенттік зерттеулердің тұсаукесері» атты университетішілік студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы, 2025

 

Қазіргі таңда, химия және химиялық технология кафедрасында 2 ғылым докторы (Шамбилова Г.К., Мухамбетов Б.), 3 ғылым кандидат (Ермеков Д.С., Калиманова Д.Ж., Калауова А.С.), 2 PhD (Кадашева Ж.К., Доскабулова Д.Т.), 6 ғылым магистрі (сеньор лектор Балабекова Ш.Т., сеньор лектор Нажетова А.А., аға оқытушы Қуанышбек И.Қ., аға оқытушы Латипова Д.Е., оқытушы Хасанова Г.И., оқытушы Табылдиева М.И.), 1 қосалқы қызметкер (Калимукашева А.Д.), 2 лаборант (Дюсемуратова Д.К., Рысжанова Э.Ж., Бисембаева Г.М. декреттік демалыста) жұмыс жасайды. Кафедра 6В01514 – Химия, 6В01507 – Химия және биология пәні мұғалімі, 6В05301 – Химиялық талдау және сараптама, 6В07101 – Көмірсутектердің химиялық технологиясы бакалавриат ББ және 7М01506 – Химия, 7М05301 – Химиялық талдау және мұнай – химиялық синтез магистратура бойынша ББ жоғары және ғылыми-педагогикалық мамандарды даярлайды. Н.А. Дүзбаева осы кафедра магистрі 8D05302 - Химия С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті докторантурасында оқуда.