Халықаралық бөлімдегі ашық есік күні

21.10.2025 75

“Open Day” – Ашық есік күні!

Шетелде 1 семестр тегін оқу мүмкіндігі!
Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен студенттерге Еуропа университеттерінде, Түркі мемлекеттері ұйымының Орхун академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында және екіжақты келісімшарттар негізінде оқу мүмкіндігі ұсынылады.

Әр сейсенбі күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін студенттер Халықаралық кеңседен кеңес ала алады.

Негізгі талаптар:

  • GPA 3.0-ден төмен болмауы (Еуропа үшін)

  • GPA 2.5-ден төмен болмауы (Түркия және түркі елдері үшін)

  • Академиялық қарызы болмауы

  • Шет тілін білуі

  • Коммуникабельділік

15–20 минуттық консультация барысында офис координаторлары шетелде оқу процесін толық түсіндіріп, қосымша ақпарат береді.

Сонымен қатар, волонтерлік бағдарламаға (VT) қатысу туралы да мәлімет алуға болады.

Маңызды:
Келесі оқу жылына қатысу үшін бағдарламаға конкурс жыл сайын наурыз–сәуір айларында ашылады.
Егер шетелде оқуды мақсат етсеңіз, бұл процестерден алдын ала өтуге кеңес береміз.

Қосымша ақпарат үшін:
📧 Email: international_office@asu.edu.kz
📱 Instagram: @international.asu

Қабылдау:
Әр сейсенбі, 10:00–15:00
📍 Бас ғимарат, 2-қабат, 265-кеңсе
🕐 Түскі үзіліс: 13:00–14:00

file