Кафедра тарихы
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы – Инновациялық білім беру факультетінің педагогикалық кадрларды даярлайтын жетекші кафедраларының бірі. Кафедра мектепке дейінгі және бастауыш білім беру салалары бойынша бәсекеге қабілетті мамандар дайындауды жүзеге асырады. Білім беру үдерісінде теория мен практиканы ұштастыруға, инновациялық педагогикалық технологияларды енгізуге, цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануға ерекше назар аударылады.
Кафедраның негізгі бағыттары
Мектепке дейінгі білім беру педагогтерін даярлау
Бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби қалыптастыру
Білім берудегі менеджмент бағыты бойынша магистрлер дайындау
Білім беру бағдарламалары:
6B01201 – «Педагог-тәрбиеші және мектепке дейінгі білім беру әдіскері»
6B01202 – «Мектепке дейінгі білім беру IP»
6B01301 – «Бастауыш білім беру деңгейінің педагогы»
6B01302 – «Бастауыш білім беру IP»
7М01301 - «Білім берудегі менеджмент»
Бағдарламалар халықаралық аккредиттеуден өткен және еңбек нарығының сұранысына бейімделген. Оқыту барысында жобалық жұмыс, зерттеу әдістері және тәжірибеге бағытталған оқыту қолданылады.
Кафедраның ерекшеліктері
Кафедра білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған практикалық және ғылыми ортаны қалыптастырған. Оның басты ерекшеліктері:
- практикаға бағытталған оқыту жүйесі;
- балабақшалармен және мектептермен тығыз байланыс;
- педагогикалық практика базаларының кең желісі;
- болашақ педагогтердің зерттеушілік және практикалық дағдыларын дамыту;
- ғылыми жобалар мен республикалық, халықаралық конференцияларға белсенді қатысу;
- Scopus және Web of Science базаларында жарияланым жасайтын тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы;
- академиялық ұтқырлық пен халықаралық серіктестік бағыттарының дамуы.
Кафедраның жетістіктері
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылым және білім саласында бірқатар нәтижелі жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда:
- ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары жүзеге асырылуда;
- студенттер республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып келеді;
- университетішілік 2 ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылуда. 0124РКИ0189 «Педагогикалық бағыттардың білім беру бағдарламалары бойынша контингентті қалыптастыру шеңберінде университет кафедраларының ерте кәсіптік бағдарлау қызметінің тетігін жетілдіру». 0126РКИ0085 «STEM, экология және цифрлық технологияларды интеграциялау негізінде балалардың ерте дамуына арналған инновациялық білім беру экожүйесі»
- студенттердің ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларға қатысу белсенділігі артып отыр;
- педагогикалық практика барысында білім алушылардың кәсіби даярлығы тәжірибе базаларында жетілдіріледі.
Кафедра білім беру сапасын арттыру, болашақ педагогтердің кәсіби және цифрлық құзыреттілігін дамыту, сондай-ақ білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.