Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет

04.07.2025 870

             

МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ Чингиз Нұржанович
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы, Этика жөніндегі комиссия мүшесі
«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ


Мақсатымыз

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету, халықаралық ISO 37001:2016 стандартына сай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен болдырмау бойынша шараларды мониторингтеу және іске асыру.


Міндеттеріміз

  • Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу және жолын кесу тетіктерін енгізу;
  • Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шараларды тиімді жүзеге асыру;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
  • ҚР заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Қызметкерлер мен білім алушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру;
  • Сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау және олардың салдарын азайту;
  • Түсіндіру жұмыстарын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  • Қызметкерлер мен студенттерге, соның ішінде жеке қабылдауда және сенім телефоны арқылы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес беру.

Жұмыс қағидаттары

  • Қажетті өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
  • Басшылықтың қолдауы мен белсенді қатысуы;
  • Комплаенс-қызметінің қызметінің ашықтығы;
  • Шешім қабылдаудағы тәуелсіздік;
  • Жұмыстың үздіксіздігі мен жүйелілігі;
  • Комплаенс тетіктерін үнемі жетілдіру;
  • Маман кадрлардың біліктілігін арттыру.

Негізгі қызмет бағыттары

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу;
  • Академиялық адалдық кодексінің орындалуын бақылау;
  • Студенттер мен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
  • Заңсыз сыйақылардың алдын алу;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бағалау.

Байланыс

📞 Телефон: +7 777 222 30 30
📅 Қабылдау уақыты: күн сайын 09:00–18:00
📍 Мекенжай: Атырау қ., Студенттер даңғылы, Бас корпус, 1-қабат, 140-кабинет
📧 Электрондық пошта: Ch.mukhambetkaliyev@asu.edu.kz