Студенттік виза (C9)

23.09.2026 5

Қазақстан Республикасына кіру үшін виза талап етілетін шетел азаматтары оқу мақсатында C9 санатындағы студенттік визаны рәсімдеуі қажет.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті қабылдаушы тарап ретінде оқуға қабылданған шетелдік студенттерге C9 визасын алу үшін қажетті шақыруды (визалық қолдауды) рәсімдеуге көмек көрсетеді.

Шақыруды рәсімдеу үшін университетке ұсынылатын құжаттар:

  • жарамды шетелдік паспорттың анық сканерленген көшірмесі;
  • толтырылған сауалнама;
  • университетке оқуға қабылданғанын растайтын құжат;
  • қажет болған жағдайда оқу ақысының төленгенін растайтын құжат;
  • визалық қолдауды рәсімдеу үшін университет сұрататын өзге де қажетті құжаттар.

Шақыру тиісті органдармен келісілгеннен кейін университет студентке шақырудың тіркеу нөмірі мен күнін хабарлайды. Бұл мәліметтер студенттік визаны рәсімдеу үшін қажет.

C9 визасын алу үшін

Шақыруды алғаннан кейін студент өз еліндегі немесе тұрақты тұратын еліндегі Қазақстан Республикасының Елшілігіне немесе Консулдығына жүгінеді.

Әдетте келесі құжаттар қажет:

  • жарамды шетелдік паспорт;
  • толтырылған және қол қойылған визалық сауалнама;
  • 3,5 × 4,5 см фотосурет;
  • шақырудың тіркеу нөмірі мен күні;
  • университетке қабылданғанын растайтын құжат;
  • консулдық алымның төленгенін растайтын құжат;
  • кәмелетке толмаған тұлғалар үшін – ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды куәландырылған келісімі және оның қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы.

Паспортта кемінде екі бос бет болуы және оның жарамдылық мерзімі сұратылатын визаның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде 3 айды құрауы тиіс.

Маңызды: Қазақстан Республикасына визасыз кіру тәртібі қолданылатын мемлекеттердің азаматтарына C9 визасын рәсімдеу талап етілмеуі мүмкін. Мұндай студенттер үшін Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасына сәйкес уақытша тұруға рұқсатты (УТР) рәсімдеу және өзге де көші-қон рәсімдері қолданылады.

Көмек және байланыс

Виза, шақыру, УТР және басқа да көші-қон мәселелері бойынша университеттің көші-қон жөніндегі үйлестірушілеріне тікелей хабарласуға болады:

Мұханбетова Аида
Иманғалиева Айнагүл

📍 Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Бас оқу ғимараты, 1-қабат, №6 кабинет — English Only Space

📧 international_office@asu.edu.kz

Уақытша тұруға рұқсат (УТР)▼