Климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимыл

Студенттер «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

13.02.2026 49

2024 жылғы 11 қазанда Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 6В05201 – «Қолданбалы экология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері республикалық Таза Қазақстан экологиялық акциясына қатысты. Акция аясында Семейный парк аумағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және табиғи экожүйелерді қалпына келтіру мен көгалдандыру бағытындағы тәжірибелік дағдыларын дамыту болды. Акция барысында студенттер оқытушылармен және еріктілермен бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға және қоғамдық кеңістікті абаттандыруға өз үлестерін қосты.

Осындай бастамаларға қатысу білім алушыларға теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға, командалық жұмысты дамытуға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға мүмкіндік береді. Экологиялық акция университеттің тұрақты даму қағидаттарын іске асыруға қосқан маңызды үлесі болып табылады.

file
file
file
file
file
file