Медиа ресурстар
2025 жылғы 27 мамырда өткен «Білім беру бағдарламасын жаңарту және жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
Жаңалықтар

2025 жылғы 27 мамырда өткен «Білім беру бағдарламасын жаңарту және жетілдіру» тақырыбындағы дөңгелек үстел

2025 жылдың 27 мамыр күні Менеджмент кафедрасы жұмыс берушілермен бірге жаңартылған білім бағдарламаларын талқылауды ұйымдастырды. Талқылауға "ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ Кайненова Шолпан Айдынгалиевна, "Атырау қаласы әкімінің аппараты" ММ Нургалиева Марта Насиповна, "Атырау облысы әкімінің іс басқармасы" КММ Нәжімеден Задагүл Жеделбайқызы, "Премиум Снаб" ЖШС Абузярова Давид Рафикович қатысты. Талқылау барысында білім бағдарламасындағы жаңа пәндер таныстырылды. Сонымен қатар іс-шара барысында еңбек нарығының қазіргі талаптарына сай келетін маман даярлау мәселелері, кәсіби құзыреттер, оқу процесіне өндірістік тәжірибені тиімді енгізу жолдары талқыланды. Бұл кездесу жұмыс берушілер мен кафедраның тығыз серіктестікте жұмыс істеуінің маңызды қадамы болды. Кездесудің қорытынды бөлімінде жұмыс берушілер білім бағдарламасына қатысты маңызды ұсыныстарын білдірді.