Екіжақты ынтымақтастық туралы келісімдер

23.07.2026 1

Бұл бөлімде халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдар аясында университетке келген шетелдік ғалымдар туралы ақпарат ұсынылған. Мұнда олардың кәсіби қызметі, ғылыми қызығушылықтары және университеттің білім беру мен ғылыми қызметіне қатысуы туралы мәліметтер берілген.


Екіжақты ынтымақтастық туралы келісім аясында университетімізге Юсифали Лятиф Гасанов, Хаяла Алигулиева, Алиев Шафа Тифлис және Насирова Лейла Видадиевна келді. Сапар барысында олар студенттер мен оқытушыларға дәрістер оқып, ғылыми және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және университеттер арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысты.





Екіжақты ынтымақтастық туралы келісім аясында Өзбекстан Республикасындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының өкілдері Холматова Зироат Анваровна мен Салиева Дилором Абдуллаевна университетімізге келді. Сапар барысында олар студенттерге дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізіп, профессор-оқытушылар құрамымен кәсіби тәжірибе алмасты және екі университет арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысты.