Шетелдік ғалымдар
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетімен ынтымақтастық жасайтын шетелдік ғалымдар туралы жалпы ақпарат. Бұл бөлімде шақырылған профессорлар мен зерттеушілер, олардың ғылыми қызметі, кәсіби тәжірибесі және университеттің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға қосқан үлесі туралы мәліметтер ұсынылған.
Бұл бөлімде Oрхун академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында университетке келген шетелдік ғалымдар туралы ақпарат ұсынылған. Мұнда олардың кәсіби қызметі, ғылыми қызығушылықтары және университеттің білім беру мен ғылыми қызметіне қосқан үлесі туралы мәліметтер берілген.
Түркиядан келген құрметті ұстазымыз әрі әріптесіміз Мұстафа Кемаль Гюмюш Orhun Exchange Programme бағдарламасы аясында университетімізге келді. Сапар барысында ол студенттер мен оқытушыларға дәрістер оқып, тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамытуға өз үлесін қосты. Бұған дейін ол 2018 және 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы аясында университетімізде болған.

2026 жылы Orhun Exchange Programme бағдарламасы аясында университетімізге Түркиядан Сухейла Демиркол және Перизат Ертаева келді. Сапар барысында олар студенттер мен оқытушыларға дәрістер өткізіп, ғылыми және академиялық тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамытуға өз үлестерін қосты.

Бұл бөлімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы аясында университетке шақырылған шетелдік ғалымдар туралы ақпарат ұсынылған. Бағдарлама жетекші шетелдік мамандарды дәрістер өткізуге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға тартуға бағытталған.
2026 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы аясында университетімізге Мехтиканлы Севиндж және Доминикас Бурба келді. Сапар барысында олар студенттер мен оқытушыларға дәрістер оқып, ғылыми және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, білім беру және ғылыми ынтымақтастықтың дамуына өз үлестерін қосты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы аясында университетімізге Татьяна Скрипко келді. Сапар барысында ол студенттер мен оқытушыларға дәрістер оқып, ғылыми және кәсіби тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, білім беру және ғылыми ынтымақтастықтың дамуына өз үлесін қосты.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы аясында университетімізге Хайдар Акча келді. Сапар барысында ол студенттер мен профессор-оқытушылар құрамына дәрістер өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, ғылыми байланыстарды нығайтуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосты.

Бұл бөлімде халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдар аясында университетке келген шетелдік ғалымдар туралы ақпарат ұсынылған. Мұнда олардың кәсіби қызметі, ғылыми қызығушылықтары және университеттің білім беру мен ғылыми қызметіне қатысуы туралы мәліметтер берілген.
Екіжақты ынтымақтастық туралы келісім аясында университетімізге Юсифали Лятиф Гасанов, Хаяла Алигулиева, Алиев Шафа Тифлис және Насирова Лейла Видадиевна келді. Сапар барысында олар студенттер мен оқытушыларға дәрістер оқып, ғылыми және кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және университеттер арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысты.

Екіжақты ынтымақтастық туралы келісім аясында Өзбекстан Республикасындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институтының өкілдері Холматова Зироат Анваровна мен Салиева Дилором Абдуллаевна университетімізге келді. Сапар барысында олар студенттерге дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізіп, профессор-оқытушылар құрамымен кәсіби тәжірибе алмасты және екі университет арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларға қатысты.
